Орал қаласына ұшып барған FlyArystan әуе компаниясының басшысы Ричард Леджер 12 жастағы қыздың анасы Жазира Мусинамен кездесіп, отбасыдан кешірім сұрады.
12 жастағы қызды әуе компаниясының қызметкерлері ұшаққа кіргізбей, елордада жалғыз қалдырған еді. Әуе компаниясының басшысы қыздың анасы Жазира Мусинамен кездесу үшін Оралға ұшып барды.
«Әуе компаниясының басшысы 2024 жылдың 21 шілдесінде КС 7367 рейсіне міну кезінде Астана әуежайында қалған Зере Ғалиеваның анасы Жазира Мусинадан кешірім сұрау үшін Оралға ұшып барды», – делінген хабарламада.
Ричард Леджер Зере Ғалиеваға, оның әпкесі Заураға және анасы Жазираға FlyArystan компаниясымен 2024 жылдың соңына дейін Қазақстан аумағында тегін ұшу құқығын беретін сертификат тапсырды.
Айтуынша, 20 шілдеде Зере және Зәуре атты егіз қызы Америкадан елге қайтқан. Олар сенімді өкілмен, бір топ баламен саяхаттаған. Қайтарда Астана арқылы транзитпен Оралға ұшуы керек болған, бірақ Зерені компания бортқа кіргізбей, тастап кеткен.
Компания өкілдері ұшақта орынның жоқтығын сылтау етіп, екінші қызды келесі рейспен Оралға салып жіберетіндеріне сендірген. Алайда ол ертесі күні ғана Оралға ұшып кетті. Осыған байланысты қыздың анасы әуе компаниясын сотқа берген еді.