Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасының финалында жеңілген Талғат Шайкен қазақстандықтардан кешірім сұрады деп жазады Olympic.kz.
Боксшының айтуынша, ол төрешілер тарапынан әділетсіздікке ұшыраған.
“Қазақ елінің үмітін ақтай алмадым. Кешірім сұраймын! Финалда ұтылдым. Төрешілер осымен үшінші рет жеңісімді тартып алды. Бұл боксшыны үш рет жеңсем де, жеңісті бермеді. Өте өкінішті”, – деді Талғат финалдан соң.