Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Филип Моррис Қазақстан – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаты

278

«Парыз» конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған және 2008 жылдан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Энергетика министрлігі, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп өткізледі.

Лауреаттар атағы төрт номинация бойынша беріледі: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт» және «Экологияға қосқан үлесі үшін».

2019 жылғы конкурс лауреаттары атағын беру жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен ФМҚ «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында елдің үздік кәсіпорны болып танылды.

«Біз бұл марапатты иеленгенімізге өте қуаныштымыз», – дейді Қазақстан мен Орталық Азиядағы Philip Morris International басшысы Хуан Карлос Эскобар. – «Сондай-ақ, бұл – экология және БҰҰ даму саласында біздің тұрақты және тынымсыз еңбегіміздің мойындалуы. Қоғамда ірі компаниялар өз жұмысында қоршаған ортаға қамқорлық жасауы қиын және үздіксіз экономикалық өсуді ұштастыра алмайды деген түсінік қабылданған. Бірақ, бұның керісінше екенін және Philip Morris атқарған қызметін мысалы – бірден-бір дәлел. Біз өндірістің барлық сатыларында қоршаған ортаға беретін әсерді төмендетуге тырысамыз, өз фабрикамыздан бастап – ол ISO Экологиялық менеджмент халықаралық стандарты бойынша сертификатталған – біз «жасыл кеңсе» және көлікті экологиялық басқару тұжырымдамасын қолданамыз.

Қоршаған ортаны қорғау біздің кәсіпорынымыздың аумағымен шектелмей, әлдеқайда кең көлемде таралуы тиіс. “Mission zero, because we care” – бұл бағдарлама “Филип Моррис Қазақстан” қызметкерлерінің өмірлік ұстанымына айналды. Мұның шынайы дәлелі – Іле Алатауы табиғи паркінде тек биыл ғана 150 эндемиялық Тянь-Шань шыршаларының отырғызылуы. Болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтау, әлемді жақсы, таза және қауіпсіз ету – біздің компанияның мақсаты».

Экология саласындағы ФМҚ қызметінің негізгі компоненттері:

  • Ақылға қонымды тұтыну және ұқыпты өндіріс тұжырымдамасы

  • Энергия үнемдеу және СО2 эмиссияны қысқарту саласындағы жобалар іске асырылуда;

  • 2012 жылмен салыстырғанда 2019 жылы СО2 жалпы төмендеуі-40%

  • Көліктегі экология

  • Қалдықтарды басқару

– 2018-2019 жылдары қалдықтарды өңдеу пайызы 90%-ға жетті

  • Қызметкерлерді еліктіру, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру
  • Жанармай отынынан табиғи газға көшу

– Негізгі энергетикалық отынның ауысуы СО2 шығарындыларын жылына 701 тоннаға қысқартуға мүмкіндік берді

  • Жасыл кеңсе

  • Тиімді жарықтандыру;

  • Су ресурстарын үнемдеу;

  • Балама күн энергиясын пайдалану.

ФМҚ-ның қоршаған ортаны сақтауға бағытталған кешенді тәсілі – компанияның тұрақты даму тұжырымдамасының бір бөлігі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз