Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Фархат Әбдірайымов қайтыс болды

Ф.Әбдірайымов

Бір күн бұрын ғана Әбдірайымов Тбилисиден “Махаббаттан да артық” картинасы бойынша жұмыс жүріп жатқанын көрсеткен фото және видео жариялаған. “Қазақфильмнің” мәліметінше, актер инфаркттен қайтыс болған.

“Грузияда кино түсірілімі кезінде актер әрі продюсер Фархат Әбдірайымов қайтыс болды. Ол қаңтарда 55 жасқа толған еді. Актердің туыстары хабарлағандай, актердің өліміне кең көлемді инфаркт себеп болған”, – делінген хабарламада.

Фархат Әбдірайымов 1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 1988 жылы Алматы технологиялық институтын “инженер-технолог” мамандығы бойынша бітірген.

Әбдірайымовтың кинодағы алғашқы дебюті 1996 жылы “Тот, кто нежнее” атты алғашқы Қазақстан-Ресей бірлескен картинасындағы рөлі болды. Осы фильмдегі рөлі үшін ол “1996 жылдың үздік актері” ретінде Ресейдің Кинобаспасөзі сыйлығын алды.

1999 жылы Әбдірайымов “Фара” фильмінде басты рөлді сомдап, Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде үздік ер адам рөлі үшін жүлдеге ие болды. Осы рөлі Фархатты бүкіл посткеңестік кеңістікте танымал етті.

2000 жылы актер  “Алтын Адам” байқауында “Жылдың киножұлдызы” атағына ие болды. Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі және Қазақстанның “Халық сүйіктісі” қоғамдық сыйлығының екі дүркін лауреаты атанды  (2011 және 2012 жылдары).

365info редакциясы талантты актердің отбасына, достары мен жанкүйерлеріне шын жүректен қайғырып көңіл айтады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз