Мықты әншілердің мықты әнін өзінше орындап, айды аспаннан шығарған Димаштың фанаттарының бірі оның ерекше әнші екенін дәлелдейтін видеоны Интернетке жүктеді.
„Димашты өнері үшін емес, Қытайға Қазақстан игеру үшін керек болғандықтан саяси ұпай жинауда жеңімпаз етті„ деуші сыңаржақ пікірлер бар. Бұл қыңыр пікір Димашпен қатар оның жанкүйерлерінің де шамына қатты тиеді.
Міне, мына видеоны фанаттардың бірі ойдан туындаған осындай қыңыр пікірді жоққа шығару үшін Интернетке салған секілді. Мұнда Димаштың Қытайдағы „Мен әншімін„ жобасының ІІІ-турында орындаған „Шоу басталады„ атты әні беріледі. Оны әлемдегі атақты әнші Селин Дион орындаушы еді. Бұл видеодан Димаштың әнді Селиннен де асырап орындағанын аңғару қиын емес. Демек, таланттың аты әркезде талант. Оны жоққа шығара алмайсыз!!!