F-22 Demo Team командасы желіге F-22 Raptor жойғыш ұшағының бесінші буынының маневрлерін көрсететін видео жариялады. Видеоға қосымша берген жазбада жойғыш ұшақ түрлі әуесалондарға осылай дайындалады деп жазылған. Өкінішке орай олардың көбі COVID-19 пандемиясының кесірінен өткізілмейді.
The Drive басылымы F-22 Raptor-дың роликте көрсетілген мүмкіндіктерін «адам нанғысыз» мүмкіндіктер деп бағалады.