Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

EXPO кезінде Астанаға бұрын сотталғандар да, басқалар да бара алмайды

Бұл жаңалығымен Ішкі істер вице-министрі Рашид Жакупов бөлісіпті.

Әлемдік тәжірибеде мұндай нәрсе бар. Мысалы, ірі шаралар, Олимпиадалар кезінде бұрын сотталғандар да, бұрын заң бұзбаған жай адамдардың да құқығы шектеледі. Сол себепті, Астанадағы EXPO көрмесі кезінде, Алматыдағы Универсиада кезінде шектеу шаралар қолға алынады”, депті ол.

Бірақ мұны мен жалпы алғанда адам құқығын шектеу деп есептемеймін. Астананың аса ауыр қылмыс жасаған адамдарды қалаға кіргізбей қою жөніндегі бастамасы – ақылға қонымды нәрсе. Тек мұның азаматтардың конституциялық құқықтарына нұқсан келтірмеуі үшін жұмыстар істеу керек”, – деп қосты Рашид Жакупов.

Еске салсақ, өткенде ғана Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин бұрын сотталған адамдардың Астанаға келуіне тыйым салуды ұсынған еді.

Айтпақшы, Астана билігі EXPO көрмесі кезінде қалада жүрген БОМЖ-дар санын да бірдеңе қылып азайтқысы келіп отыр.

photo-21-05-2016-01005vv

Фото: newstaraz.kz

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз