“Евровидение” байқауының жеңімпазы атанған Эльдар Гасымов Қазақстанға келіпті. Димашпен дуэт жаздыруды жоспарлап отыр екен.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
«Евровидение» байқауына ұсыныс тастадық, «Еуроодаққа». Оның жауабын күтіп жатырмыз”, – деп қуанған еді Димаш осыдан 1,5 жыл бұрын.
Димаштың бұл жаңалығы жұртты қуантқанымен, соңында жоспары жүзеге аспап еді. Алайда, аталмыш байқауға қатыспаса да, Димашты қазірде әлем таниды.
“Қазақстанда талантты жастар өте көп! Жақында ғана Димашпен таныстым. Бұл жерде өте танымал екенін естідім. Менің ойымша алдағы уақытта, бірнеше жобаларды бірлесіп жарыққа шығару жоспарымыз жүзеге асуы мүмкін”, – дейді «Евровидение-2011» байқауының жеңімпазы Эльдар Гасымов.
Сонымен қатар, әнші Димашты “Евровидениеде” көргісі келетінін айтты.
“Мен Димаштың бірнеше видеоларын көріп шықтым. Дауысын тыңдадым. Менің ойымша, Құдайбергенов «Евровидение» байқауында бақ сынауға лайықты өнерпаз деп білемін. Алдағы жылдары аталмыш конкурста қазақстандық қатысушыларды көреміз деген үміт бар”, – дейді Гасымов.