Еуровидение-2017 ән байқауы Киевте өтетін болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы брифинг барысында УҰТА бас директоры Зураб Аласания мәлімдеді деді РБК-Украина тілшісі. Еуровидение өткізуге өтінімді Киев, Днепр, Одесса, Львов, Харьков және Херсон қалалары берген.
«Дауыс беру кезінде 19 дауыс Киев қаласына, екі дауыс – Одессаға берілді, біреуі қалыс қалды. Солай таңдадық», – деді Аласания.
Өткізу орны ретінде Днепрдің сол жағалауында орналасқан Киевтегі халықаралық көрме орталығы таңдалды.