Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
4
USD
427
+0.13
EUR
497
+0.15
RUB
5.5
-0.03

Еуропа лигасы: Аршавин гол соқты, “Қайрат” жеңді

Сондықтан көбінесе қақпаны алыстан нысанаға алуға көшті. Алайда «Теутаның» қақпашысы тәжірибелі жігіт екен. Алыстан бағытталған соққыларды да дарытпады. Осылай бірінші тайм аяқталды.

Екінші таймда да «Қайрат» алаң иелерінің қорғанысын шабуылдаумен болды. 70 минутта оң қапталмен Бауыржан Исламхан алға қарай ентелеп, қақпаға тікелей тартып келе жатқан Аршавинге допты көлбеулете ысыра қойды. Андрей тоқтатпай теуіп, қақпа торын бүлк еткізді.

Іле-шала алаң иелерінің таразы басын теңестіретін тамаша мүмкіндіктері болды. Алайда «Теута» футболшысының тепкен добы қақпа бағанасына тиіп, кері серпілді. Ойын соңында Асеведо да есепті еселей алмай, өз мүмкіндігін мүлт жіберді. Әйтсе де, «Қайрат» сырт алаңда жеңіске жетіп, Қазақстан жанкүйерлерін қуантты.

Енді Алматы клубының Еуропа лигасының келесі кезеңіне шығатындығына ешкім де күмән келтірмейді.

7 шілде күні алматылықтар бұған Алатау бөктерінде куә болып, көз жеткізе алады деп ойлаймыз.

«Теута» (Албания) – «Қайрат» (Қазақстан) – 0:1

Гол: Аршавин, 70. «Теута»: Мочка, Шкала, Ходжа Р., Ходжа, Котобелли, Цюрбя, Лена (Ламця, 65), Хиля, Муста, Ходо (Грипши, 82), Магани (Ррабошта, 76).

«Қайрат»: Плотников, Қуантаев, Лунин, Маркович, Тесак, Тимощук, Бакаев, Аршавин (Асеведо, 78), Исламхан, Исаэль (Қуат, 80), Гоу (Тавамба, 92). Бас төреші: Василис Димитриу (Кипр).

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз