Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Еуроодақтың әрбір төртінші тұрғынының тұрмысы төмендеді

«2014 жылы ЕО-да 50 миллионға жуық (немесе қала тұрғындарының 24,4 пайызы) қала тұрғыны кедейлік немесе әлеуметтік оқшаулауға ұшырай жаздады», – деп хабарлады «Еуростаттан».

ЕО-ға мүше бес мемлекетте тұрғындардың, шамамен, үштен бір бөлігінің тұрмысы төмен деңгейге түсті: Грекияда (34,1 пайыз), Болгарияда (30,0 пайыз), Бельгияда (28,6 пайыз), Австрия және Румынияда (28,3 пайыз).

Кедейлікке ұшырауы мүмкін елдердің қатарында, сондай-ақ Чехия (13,9 пайыз), Словакия (15,0 пайыз), Люксембург (16,1 пайыз) және Финляндия (16,6 пайыз) бар.

Кедейлік бойынша мәліметтерді қала және ауылдық аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ерекшеліктер, сондай-ақ аймақтар арасындағы ерекшеліктер қамтып отыр. Кедейлік көбіне ауылдық жерлерде немесе шағын қалаларда тұратын отбасыларда кездеседі. Үлкен қалалардың тұрғындары кедейлікке аз деңгейде ұшырайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз