Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Етті «тайландша» қуыра аласыз ба?

1. Еттің маринады.

– хмели сунели

қызыл бұрыш

соя соусы

қызанақ

– киви

20 минут маринадта ұстау керек.

Оған дейін күрішті бөлек пісіресіз.

2. Табаққа май құйып, оны қатты қыздырасыз. Сосын етті салып, қуырасыз. Одан кейін ірі етіп туралған пиязды да табаққа салыңыз. Пиязды етпен бірге тағы қуырып алыңыз, сонда дәмі күшті болады екен.

3. Сары және қызыл болгар бұрышын турап, оны да ет пен пиязға қосасыз.

Аздап уксус пен қант салып қойыңыз.

4. Содан кейін қуырдағыңызға орташа етіп туралған қияр қосып, тағы 5 минут қуырыңыз.

Болды, осымен дайын болады. Жарты сағатта жасауға болатын тамақ екен.

Ал, асыңыз дәмді болсын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз