Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Ет 2050-ден”: аграрлық Қазақстанда тамақ неге қымбаттап барады?

137
фото bb.lv сайтынан

Қазақстанда алты айдан астам уақыттан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы тұрақтанбай келеді. Мемлекет әлеуметтік азық-түлік себетінің 19 тағамның шекті бағаларын белгілеу және сауда желілерін субсидиялау арқылы жағдайды тұрақтандыруға бірнеше рет және бұрын да шаралар қолданды.

Егін бар, егін жоқ

Алайда қырыққабат килограмы 460 теңгеден, картоп 380 теңгеден, сәбіз 420 теңгеден, тауық жұмыртқасы 800 теңгеден, қарақұмық жармасының 800 граммы 900 теңгеден және ет 2 800-ден бастап, бағаларға қарсы күресуді жалғастыруда.

Алматыда әкімдік бірқатар әлеуметтік дүкендерде сиыр етінің кеуде-жауырын бөлігіне килограмы 2 050 теңгеден аспайтын шекті баға белгілеуді бұйырды.

Әдетте тұтынушыларға азық-түліктің қымбаттауын кез-келген өнімнің жетіспеушілігімен немесе өндіріс құнының өсуімен түсіндіреді. Екінші көрсеткіш соңғы бірнеше жылда теңгенің арзандауымен бірге тұрақты өсіп келеді.

Фермерлер ауыл шаруашылығы техникасын, тыңайтқыштарды, улы химикаттарды, тіпті көптеген тұқымдарды немесе асыл тұқымды малдарды долларлық баламамен сатып алады. Ия, және жергілікті азық бағасы да қалыспай өсуде

2021 жылы бірнеше аймақтағы құрғақшылық, егіннің күйіп кетуі және жем-шөп жинау оқиғаларын фермерлер қинала еске алады. Сондықтан Қазақстанда 150 теңгелік қырыққабат, картоп және сәбізді күтудің қажеті жоқ.

Бірақ мәселе жергілікті ауылшаруашылық өнімдерінің өзіндік құнының өсуінде ме? Анықтап қарасақ, олай емес. Мәселе көптеген позициялар бойынша тапшылықта. Әйтпесе, неге ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік тауарларының барлық топтарына экспорттық тыйымдарды үнемі енгізіп отыр?

Ал енді бәрін ретімен айтайық. Біз егін жинау науқанының нәтижелері туралы жаңалықтар үнемі жарияланатын ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсын мұқият зерделедік. Мәселен, қыркүйек айында 14,8 млн тонна астық бастырылды, оның ішінде 11,6 млн тонна бидай,

2,9 млн тонна картоп, 616,7 мың тонна майлы дақылдар, 4,1 млн тонна көкөніс және 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды

Қазақстандықтардың ішкі қажеттіліктері үшін бұл өнім жеткілікті. Дегенмен, “көкөніс дақылдарының” егжей-тегжейлі тізімі жоқ.

2022 жылғы 6 қаңтардан бастап Қазақстанда ірі қара және ұсақ малды аумақтан алты айға, ал картоп пен сәбізді үш айға әкетуге тыйым салынды.

Фермерлерге тұрақтандыру арқылы соққы береміз!

“Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 25 қарашадағы шешімі негізінде Қазақстан Республикасы АШМ мен ҚМ Бірлескен бұйрықтары қабылданды”, — делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында. – “Тірі мал мен көкөніс экспортына тыйым салу

бағаларды тұрақтандыру мақсатында және ішкі нарықта тапшылықтың туындауын болдырмау үшін қабылданды

Сондай-ақ, Министрлік ағымдағы жағдайға күнделікті мониторинг және талдау жасайтынын хабарлаймыз. Ішкі нарықты қамтамасыз ету бойынша жағдай тұрақталған уақытта шектеу шараларын жою мәселесі қаралатын болады”.

Яғни, алдымен ауыл шаруашылығы министрлігі 2021 жылы миллиондаған тонна көкөністер жиналғаны туралы хабарлайды, бұл ішкі тұтыну үшін толықтай жеткілікті, енді оларды экспорттауға тыйым салады.

Демек, мемлекеттік орган алынған егіннің мөлшеріне қатысты айла жасауда, немесе қазақстандық фермерлер барлық көкөністерді экспортқа сатып жіберді. Енді ауыл шаруашылығы министрлігіне сұрақ – Қазақстанда жалпы ішкі тұтыну бойынша қандай жоспар болу керек?

Өйткені Қазақстанда тұрақты түрде қабылданатын осы шұғыл экспорттық тыйымдар біздің өнімімізді импорттаушылармен сауда қатынастарына теріс әсер етеді. Жалпы алғанда, аграрийлердің әл-ауқатына қарасақ, олар үшін салынған тағы бір тыйым қолдарын байлау тәрізді.

2020 жылдың көктемінде дәл осындай шектеу шараларының нәтижесінде Оңтүстік Қазақстанның фермерлері егістіктерде көптеген тонна орамжапырақ өнімін “көмуге” тура келген

Біздің медиапортал бұл туралы жазды. Ал бүгін біз қырыққабаттың килограмын 460 теңгеден сатып алуға мәжбүрміз. Алдыңғы “қырыққабат тәжірибесіне” сүйенетін болсақ, картоп пен сәбіз бағасы қандай болатынын болжау қиын емес.

Егін азаюда, шығындар өсуде

Аграрлық кеңесші Кирилл Павлов өзінің пікірімен бөлісті, азық-түлік бағасының өсуіне ненің әсері көбірек – бюрократиялық қабілетсіздік пе, фермерлік қабілет пе немесе инфляциялық па?

Кирилл Павлов

– Астықтан бастайын, – деп түсіндірді сарапшы. – Шамамен 15 млн тоннадай жиналды. Бұл өте көп өнім. Сонымен бірге бізге Қазақстан Ресейден астық импорттаушылардың үштігіне кіргенін хабарлайды. Түрлі деректер бойынша, Қазақстанға миллион тоннадан астам астық әкелінген.

– Картоп пен басқа да көкөністер бойынша, ауыл шаруашылығы министрлігінің есептеріне сүйенсек, бұл да жақсы өнім, солай емес пе?

– Қырыққабатқа келетін болсақ, ерте және кеш пісетін қырыққабат сақталады. Ерте пісетінін біз тіпті экспорттадық. 2018-19 жылдардағыдай емес, өйткені 2020 жылы экспортқа тыйым салынуына байланысты біз нарықты айтарлықтай жоғалттық.

Ал кеш пісетін қырыққабатқа қатысты айтсақ, бағасына қарап, қиындық бар екенін түсінемін. Себебі фермалар өздеріне бұл бағаның жартысын да бермейтінін айтады. Демек, импортталады.

Басқа көкөніс өсірушілерде де жағдай жемшөп өндірушілердегі тәрізді, 2021 жылы дәл осындай проблемаларға тап болды. Ылғалдың төмен болуына байланысты өнім төмен болды. Ал шығындар өсті

Өнімділік жақсы болды деп қанша айтса да, олай емес. Бұл қазір ауыл шаруашылығы министрлігі қарастырып жатқан экспорт квоталары бойынша да байқалады. Картоп пен сәбіз өндірушілері жоғары өнім алуға үміттенбеді – олар құрғақшылыққа тап болғандарын түсінді. 2022 жыл да жақсы бола қоймайды. Мен Қазақстанның солтүстігі мен шығысында болдым, жағдайды өз көзіммен көрдім.

Өзімнен артылғаны шіри берсін

– 6 қаңтардан бастап картоп пен сәбіз экспортына тыйым салынды. Бұл шынымен де өзімізге жеткізу мүмкіндігінің жоқтығынан ба әлде басқа себебі бар ма?

— Шешім қабылдағандардың құзыретінің болмауынан. Экспортқа жіберілетін картоп ішкі тұтыну үшін өсірілетін картоп емес екенін түсіну керек. Экспорттық нарықтардың көңілін табу қиын, олар көкөністердің сорттары мен калибрлерін өздері таңдайды. Мұның бәрі көктемде, егіс отырғызу кезеңі басталғанда жасалады. Экспортқа картоптың жеке алқаптары отырғызылады. Ол елде қалдырылмайды, қараша айының соңынан ақпанның ортасына дейін экспортталуы керек.

Қазір экспортқа тыйым салу республикада экспорттық өнім кем дегенде үш айға тоқтағанын білдіреді. Ол наурыз-сәуірге дейін шыдамайды және қоймаларда шіріп кетеді

Мен Картоп өсірушілер одағы жасаған өнеркәсіптік өндіріс бойынша елдің картоп балансына талдау жасайын. ҚР өнеркәсіпшілері 2021 жылы 844 мың тонна тауарлы картоп өсірді. Ішкі қажеттілік қаңтардан сәуірге дейін 316 мың тоннаны құрайды, қолда 602 мың тонна бар, оның ішінде 106,8 мың тонна тұқымға жіберіледі.

Яғни 179,4 мың тоннасы артық… бұл 8 970 жүк көлігі … немесе 3 200 вагоннан сәл көбірек

Егер экспортқа салынған тыйымды алып тастамаса, ол шіриді. Егер экспортты ашпаса немесе квоталау режимін қоспаса, бұл салаға айтарлықтай әсер етеді. Картоптың көтерме бағасы экспортқа – 150 теңге шамасында. Сәл өзгеруі мүмкін. Ақшалай алсақ 26,9 млрд теңге. Ауыл шаруашылығы үшін үлкен ақша.

— Және келісімдер бойынша шарттар бұзылады.

– Әрине. Бұл келісімшарттық міндеттемелерге сүйеніп қарызға ақша алған фермерлер бар. Басқалар жапа шегеді.

Биыл Павлодар облысындағы таныс фермерлердің арасында картоп отырғызбағандары көп болды. Оларға ешқандай қауіп төнбейді – жер демалады, ауыл шаруашылығы министрлігінің жаңа тыйымдарынан қорқып, корвалолмен өмір сүргілері келмейді.

Кирилл Павловтың Facebook-тегі парақшасынан

Баға күннен күнге қымбаттауда

– Килограмы 460 теңгелік қырыққабатта фермердің қанша теңгелік үлесі бар?

– Оңтүстікте өсірілетін көктемгі ерте пісетін қырыққабаттың өзіндік құны 2020 жылы 47-ден 53 теңгеге дейін болды. 2021 жылы – 70 теңгеден төмен емес. Кеш пісетін сорттардың өзіндік құны 100 теңгеден аспауы керек.

Сондықтан 200 теңге – егістіктің басынан сатып алудың шынайы бағасы. Осыны ескере отырып, Алматыда мұндай қырыққабат ең көп дегенде 350 теңге тұруы керек

Қалғаны – қайдан қосылғаны мүлде түсініксіз.

– Әдеттегідей бітпейтін делдалдар шығар?

— Біз осыны да есептеп көрдік. Бөлшек сауда желілеріне жеткенге дейін делдалдар көп болуы да мүмкін және бұл түпкілікті бағаға қатты әсер етеді, бірақ базарларға әсері жоқ. Логистика – тасымалдау құнына көп қосылады.

Мысалы, бақша өнімдерін алайық. 2021 жылдың жазында Оңтүстік Қазақстан алқаптарынан бір килограмм қарбызды 50 теңгеден алды. Петропавлға дейін жеткізгенше, оны тиеу мен түсіру, жол есебінен килограммы 90 теңгеге жетті. Тағы 30 теңгені алыпсатарлар қосты. Бірақ ол ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының өсуіндегі басты буын емес.

– Он жұмыртқа 800 теңге, қарақұмық жармасы – 800 граммы 900 теңге. Біз жейтін барлық азық-түлік қымбаттады. Бұл объективті бағалары ма? Әлде бұл жерде біреудің кінәсі бар ма?

— Әрине, бағалары объективті емес. Бір килограмм еттің бағасы 2,5-тен 3 мың теңгеге дейін болуы да шегі емес. Біз алдыңғы кезеңнің өзіндік құны ескерілген былтырғы жылғы бордақыларды жеп жатырмыз.

Ал қараша айында жаңа бағамен бордақылауға шыққан 2021 жылғы барлық мал союға келе бастағанда, бүгінгі ет бағасы болмайды. Шымкентте, мысалы, қой етінің бір килограмы 4 мың теңге

Ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының өсуінің себебі — сыбайлас жемқорлық схемалары мен нарықтың жағдайын қоса алғандағы, бәрінің жиынтығы деп ойлаймын. Бұл жүйелік кемшіліктердің нәтижесі. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғана емес, басқа да ведомстволардың.

Кирилл Павловтың Facebook-тегі парақшасынан

Егер қазірден қолға алмаса, ауылшаруашылық саласынан онымен айналысқысы келетіндер мен егін өсіре алатындар кетіп қалады. Ауыл шаруашылығы – бұл газ тәрізді – кімге ұнамайды, қоғамдық көліктерге отырсын дейтін нәрсе емес. Мұнда жұмыс істеу керек. Және өте көп еңбек ету керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз