Кейде жақсы өнер көрсету үшін әншінің дайындығы ғана емес, сонымен қатар ондағы техникалардың “дайындығы” маңызды рөл атқарады.
Қайрат Нұртастың желіде тарап кеткен мына видеосы осы сөзге дәлел болатын шығар. Әнші “Алматының түндері” әнін орындау сәтінде дыбыс шығарғыш аппараттар істен тынып, маңызды сәтте әншіні ұятқа қалдырды. Бірақ, Қайрат жеңілген жоқ. Әрі қарай әнді жанды дауыста орындай кетті.
Десе де, бұл видео да жағымсыз пікірлерсіз қалған жоқ:
“Фонограммамен айтқаны білініп қалды”, “Ұят болды-ау”, “Өтірік айтқаны естіліп қалды ғой”, деді желідегілер.