Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Есті махаббат шығар”. Денис Теннің алғашқы махаббаты жайлы айтқан сұхбаты жарияланды (видео)

189

 

“Мен ол кезде әрі кетсе 13-те болған шығармын. Мәнерлеп сырғанаумен айналысатын бір қыз болды. Ол менен әлдеқайда кіші еді. Ол қызға sms-хабарламалар жазуды үйреткенім есімде. Содан кейін бес жылдай хабарлама арқылы сөйлесіп жүрдік.

Оған ерекше көзқараспен қарайтынмын. Өскенде оған үйленетініме сенімді едім, сондай әдеби әлемде өмір сүріп жүрдім. Оған қалай ұсыныс жасайтынымды да білдім.

16 жасымда оның 18-ге толған сәтіне жоспарлар құрып, Сочидегі Олимпиаданы жеңетінімді де жоспарлап отырдым. Сол уақытта ол 18-ге, мен 21-гетолып, мен оған барамын деп ойладым.Сондай жантебірентерлік қарым-қатынаста едім.

Бұл есті махаббат болған шығар? Яғни есім кетіп сүю емес, тура жоспар бойынша болуы тиіс махаббат. Мен оны қолымдағы теңдессіз қазынаға теңеп, одан ерекше адам жасап шығаруым керек деп санайтынмын. Ол адаммен қашан да өмірлік тәжірибемді бөлісіп, ойын дұрыс арнаға бұрып отырғанды қалайтынмын”, – деп есіне алды Денис Тен.

 

https://kaz.365info.kz/denis-tennin-olimine-khatysy-bar-yshinshi-kydiktinin-aty-zhoni-belgili-boldy-325457

Дерек көз: Nur.kz.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз