Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Ескерту алды”. Секс туралы парақшаның қай мектепте таратылғаны белгілі болды

333

Ол әлеуметтік желідегілердің қатты алаңдаушылығын туғызды.

Көпшілік масқара парақшаның қай қалада таратылғанын білгісі келіп әуре болды. Онда айтайық. Ол Астана қаласы екен.

Мұны желіге дәлел келтірген ата-ана емес, оған лезде жауап берген қалалық білім департаменті айғақтады.

https://kaz.365info.kz/zhezoksheler-ordasy-siyakhty-mektep-khyzdarga-seksti-nege-uagyzdajdy-298442

Ең бірінші боп, Гүлбану Әбенованың жазбасына осы, яғни мүшеқап туралы парақшаны жасап шығарушылар үн қатты, одан соң іле шала білім департаментінен де жауап келіп жетті.

Мүшеқап туралы үнпарақша мектепке арналмаған

Автор жазбасының астына Килыбаева Меруерт деген ханым:

„Мұны қайдан алдыңыздар? Біз бұл буклетті жасап шығарған едік.

Бірақ ол мектепке арналмаған. Бұл медицина саласындағы қызметкерлерге ұсынылған„

деп жазды.

„Қалай сонда? Демек, оның мәнісіне ешкім мән бермей, балаларға тарата салуды жөн көрген ғой. Оны кәмелет жасқа толмағандарға тарату үшін, ең құрымағанда балалар психологынан алдын ала рұқсат алу керек емес пе? Ендеше медиктерге арналған нәрсені балаларға таратқандары үшін жаза кесілуі керек. Қалай ойлайсыздар?„ деп жазды жазба авторы.

Көпке ұзамады, жазаланатындар табылды. Сөйтсек, білім департаментіндегілер бұл ақпараттың анық-қанығын аз уақыт ішінде анықтап үлгеріпті.

Бәрін анықтадық…

„Жыл сайын Денсаулық сақтау басқармасы, Салауатты өмір салтын құру орталығы „Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті саулығы„ деген тақырыпта арнайы дәріс оқып, семинарлар өткізіп, жекелей кездесулер ұйымдастырады. Осындай шараларда дәрігерлер жүктіліктің алдын алу, репродуктивтік қалыпты сақтау қажеттігі, жүктілікке қарсы дәрілер және оның залалдары туралы үнпарақшалар таратады. Міне, осындай жиын ұлдардан бөлек қыздарға да өткізілуі мүмкін.

Ал оқушыларға ұсынылған Сіздегі парақшалар отбасын жоспарлау кабинетіне арнайы әзірленген, ол мектеп оқушыларына таратуға лайықтап жасалмаған. Сондықтан ол мектептің басшылығына қатаң ескерту жарияланды.

Өйткені олар алдын ала келісілмеген, рұқсат беріп, нақтыланбаған нәрсені таратқан.

https://kaz.365info.kz/bajdan-shykhkhan-mygalim-okhushyga-ylgi-bola-ma-255977

Сол секілді Астана қаласының білім басқармасы Салауатты өмір салтын құру орталығы қызметкерлеріне де ескерту жолдады. Қандай да бір шара өткізіп, үнпарақшалар тарататын болса, оның сол ортаның жасы ерекшелігіне сай болғанын қадағаласа дедік„ деп жазды Астана қалалық білім басқармасының өкілі Әнуар Жанғозин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз