Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Ескерт, бірақ қорқытпа

388

Қазіргі уақытта инновациялық темекі өнімдерінің төңірігендегі әңгіме қарапайым темекі турасындағы ой-пікірлерден де көп сынды. Дегенмен, бұған таңқалудың қажеті бар ма? Қарапайым темекі шегудің зияны бұрыннан дәлелденген, ал электронды темекі, темекіні қыздыру жүйесі және басқа да баламалар – бұл жаңа өнімдер. Оларға деген көзқарас қандай – бұл ретте тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемнің басқа да көптеген елдерінде де нақты ұстаным жоқтың қасы. Дей тұрғанмен, Ұлыбританиядағы ғалымдар темекі баламаларына қатысты өзінің тұрақты және ғылыми негізделген ұстанымын жасап үлгерген. Олардың жаңа зерттеулерінің нәтижелері электронды темекі орамындағы жазбалар туралы пікір білдіруге мүмкіндік берді: ғалымдардың ойынша, электронды темекі орамындағы денсаулыққа қатысты хабарламалар қауіп-қатерлер туралы ескертуі шарт, алайда темекі шегушілерді үрейлендірмеуі тиіс.

Оңтүстік Жағалаудағы Лондон университеті (LSBU) жанындағы аддиктивтік мінез-құлық орталығы жүргізген зерттеу электронды темекі қаптамасындағы денсаулыққа зиян туралы тым қатаң ескерту темекі шегушілерге дәстүрлі темекіге қарағанда 90-95% зияны аз, балама, түтінсіз өнімдерге көшуде кедергі тудыруы мүмкін екенін көрсетті. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері бойынша «қауіп-қатер төменділігі» туралы хабарламалар ұзақ уақыт бойындағы темекі шегушілерді жаңа өнімдерге өтуге ынталандырады және темекі шекпейтін адамдарды шылым тартуды бастауға үгіттемейді.

Addictive Behaviors журналында жарияланған баяндаманың авторлары үкіметті балама өнімдердегі ескерпе жазбалардың тұжырымдамасын қайта қарауға шақырды.

Жалпы, зерттеуге Ұлыбританияның 2495 тұрғыны қатысты, олар электронды темекінің зияндылығы, тәуелділікті тудыратындығы және тиімділік ерекшелігі және оларды пайдалануға ниетіңіз бар ма деген сұрақтарға жауап берді. Қатысушылар 2018 жылғы желтоқсан және 2019 жылғы қаңтар айлары аралығындағы ақпаратқа сүйеніп, электронды темекіге баға берді. Ол үшін қатысушылар ғаламтордағы электронды темекінің денсаулыққа зияндылығы туралы әртүрлі ескертулерге назар аударды: олар бұл ақпараттарды көрмей алдын-ала өз пікірін және көргеннен кейінгі ойын білдірген.

Еуроодақтың «Өнім құрамында никотин бар және ол тәуелділік тудыратын зат. Темекі шекпейтіндерге ұсынылмайды» деген хабарламасы сыналушылар тобын электронды темекіні әлдеқайда зиянды және тәуелділік тудыратын өнім ретінде қабылдауға мәжбүр етті. Сонымен қатар, «Бұл өнімді пайдаланудың шылым шегуге қарағанда зияны әлдеқайда төменірек» деген хабарлама тек бұрыннан бергі темекі шегушілерге ғана әсер етті. Зерттеу нәтижелері бойынша, аталмыш хабарлама темекі шегушілердің электронды темекі сатып алу және пайдалану ниетін күшейтті, бірақ темекі шекпейтіндерді өз жетегіне тартпады.

«Қорыта келгенде, егер темекі шегушілер электронды темекіге көшсе, темекі шегумен байланысты өлім-жітім мен аурулар азаяды», – деп есептейді профессор Линн Докинз. Маман LSBU-дегі никотин мен темекіні зерттеуін басқарды.

Ал өз кезегінде Британдық қатерлі ісікті зерттеу орталығының қызметкері Крути Шротри: «Электронды темекі – бұл салыстырмалы түрде жаңа өнім, біз оларды темекі шекпейтіндерге қауіпсіз емес болғандықтан пайдаланбауға кеңес береміз және олардың ұзақ мерзімді әсерін білмейміз. Алайда бүгінгі күндері жүргізілген зерттеулерге назар аударсақ, темекіні қыздыру жүйесі немесе электронды темекі сияқты инновациялық балама өнімдерді пайдаланудың темекі шегуге қарағанда зияны азырақ және олар адамдарға темекіні тастауға көмектесе алады. Бұл зерттеу шылым тартуды тастауға көмектесу үшін не істеу керек деген сұраққа жауап беруде септігін тигізеді. Ол темекі шегушілерді электронды темекіге көшуге қалай ынталандыру керектігін көрсетеді, сонымен қатар, темекі шекпейтіндердің оларды пайдалануды бастамауына кепілдік береді».

Сарапшылардың бағалауы бойынша, Ұлыбританияда жыл сайын электронды темекінің арқасында 20 000 адам темекі шегуді тастайды. Жалпы, сарапшылардың пікірінше, темекінің жануын болдырмайтын балама темекі өнімдері өздерінің тәуекел профиліне сәйкес реттелуі тиіс. Дәстүрлі темекілермен салыстырмалы түрдегі коммуникация және салыстырмалы тәуекелдер туралы нақты ақпарат ересек темекі шегушілердің зиян әлеуеті төмен баламаларға көшуі үшін негізгі факторлар болып есептеледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз