Қостанайда 23 жастағы бойжеткен сыған әйелдің гипнозына түсіп, барынан айырылып қалды.
Бұл туралы Аlau.kz жергілікті басылымы жазды.
Редакцияға бойжеткеннің анасы шағым айтып келген. Оның айтуынша, қызы Қостанай қаласындағы әл-Фараби даңғылымен жұмысына бара жатып ішін ұстаған сыған әйеліне қарсы кездескен. Ол қыздан көмек сұрап, өзін демеп жіберуін өтінген.
«Қызым оған көмектеспекші боп жетіп барады. Бірақ сыған әйелдің қолынан ұстаған соң қыз естен айырылған. Тек есін жиғанда жұмыста отырған. Біраз уақыттан соң айнаға қарап, құлағындағы алтын сырғансының, мойнындағы алтын алқасысының жоғын көреді.
Үрейі ұшқан қыз сөмкесіне қарай жүгіреді, қараса ондағы ақшасы да жоқ. Осылайша жолдағы “қорғансыз” жанға көмектесемін деп бойжеткен 40 мың теңгесі мен алтын әшекейлерінен айырылып қалған.
Сырғасы 280 мың теңге тұрады, гауһар тасы бар, туған күніне сыйлағанбыз. Полицияға арыздандық, бейне бақылау камераларын тексеріп, сол көшені жіті тексергенін қалаймыз. Мүмкін, біреу-міреу байқаған шығар», – дейді қыздың анасы.
https://kaz.365info.kz/yrykh-shashyp-ajelderge-bala-koteresin-degen-emshi-zhyrtty-shulatty-video-321564
Қыздың өзі сыған әйелді сипаттап берді. Оның аяғы ауыр болуы мүмкін. Қара шашты, көзі үлкен.
Редакция тарапынан Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сауал жолданды.
https://kaz.365info.kz/ne-symdykh-tanymal-emshi-asha-matajdyn-khalaulym-bagdarlamasyn-abden-synap-tastady-282146