Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Есіктегі суға кеткен әйелді іздеу үшін канал суы төмендетілді

Оның айтуынша, Есік қаласының құтқару қызметіне 23 шілде күні кешкі 17:19-да әйел адамның суға кеткені туралы хабар келіп түскен. Баспасөз хатшысы Үлкен Алматы каналының кілем жууға емес, егістікті суаруға арналғанын атап өтті. Іздестіру барысында туыстары көрсеткен 18 шақырымға дейінгі аумақты сүңгуірлер тінтіп шықты.

«Әйелдің туыстары суғару шлюздерін тексеруді талап етті. Алайда, қауіпсіздік мақсатында сүңгуірлер шлюздерге түсірілмейтін болды. Бұл өте қауіпті. Бұл туралы туысқандарына да айтылды», – деді Р.Иманқұлов.

https://kaz.365info.kz/almaty-oblysynda-kilem-zhumakh-bolgan-zhykti-ajel-ozen-suyna-agyp-ketti-325287

 

Айта кету керек, 32 жастағы Әсия Мұсаеваның денесі бүгін 3-тәулік іздестіріліп жатыр. Екі баласы бар келіншек үшіншісіне жүкті болған. Әйел жолдасымен бірге Есік багі атанып кеткен Үлкен Алматы каналына кілем жууға барғанда аяғы тайып суға құлап кеткен. Осыған ұқсас қайғылы оқиға Астанада қаласында да болған еді. 43 жастағы әйел екі қызымен бірге суға кетіп, көз жұмған болатын. Олар Нұра-Есіл арнасының жағасында кілем жуған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз