Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкер әйелді өлтірген ер адам сотталды.
Сотта келтірілген дәйектерге сүйенсек, әйел адамның шағын бизнесі болған. Оның қалтасында жарты миллион теңгедей қаражаты болыпты, кәсіпкер Моңғолияға тауар алуға баруды жоспарлап жүріпті. Қайғылы оқиға орын алатын күні кәсіпкер келіншек құрбысымен бір досының үйіне қонаққа барған. Ол арада төрт адам арақ ішеді. Әбден мас болған кәсіпкер келіншек қалтасынан бір буда ақшаны алып шығып, отырғандарға көрсетеді.
Полиция қызметкерлері пышақты тауып алған кезде, қылмыскер жасаған ісін мойындады. Сараптама нәтижелері де оның кісі өлтіргендігін айғақтады. Сот ер адамның бұдан бұрын да сотталғанын ескеріп, 16 жылға қатаң тәртіпті колонияға соттауға шешім қабылдады.
Бұдан бөлек, қанды қолға марқұмның жаназасы үшін отбасына 1 миллион теңге, моралдық шығынды өтеуге 2 миллион теңге төлеу міндеттелді.