Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
11
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Есеп комитетіне жаңа басшы тағайындалды

Наталья Годунова

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

Наталья Николаевна Годунова 1972 жылы 24 мамырда Орал қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын бітірген. Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы академиясының түлегі.

Еңбек жолы: 1993-1996 ж.ж. Орал қаласындағы «Агропромбанк «Орал» экономисі;

1997-1998 ж.ж. Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің жетекші маманы, басшысының орынбасары, басшысы;

1998-2004 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің аппараты экономикалық реформа бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы;

2004-2005 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры;

2005-2006 ж.ж. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Сауда өкілдігінің экономист-кеңесшісі;

2006-2009 ж.ж. Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі 2009-2012 ж.ж. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Сауда өкілінің қызметін атқарушы;

2012-2013 ж.ж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі;

2013-2015 ж.ж. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары 2015 -2017 жылдар аралығында «Нұр Отан» партиясының Хатшысы;

2017 жылы 20 желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшеcі лауазымына тағайындалды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз