Қазақстанның ерлер құрамасының хоккейшілері Универсиаданың топтық кезеңінің алғашқы матчында Қытай құрамасының қақпасына 22 жауапсыз шайба кіргізді.
Тұтас алғанда, қытай командасына 38 соққы жасалды.
Владимир Гребенщиков, Владислав Никулин, Алексей Анциферов, Иван Степаненко, Константин Савенков және Ярослав Евдокимов бір шайбадан кіргізді.
Хоккей матчының ұзақтығын (60 минут таза уақыт) ескерер болсақ, қазақстандықтар Қытай қақпасына әр үш минутта шайба кіргізген.
Келесі матчты Қазақстанның ерлер құрамасы сейсенбі, 31 қаңтар күні Швеция командасымен ойнайды. Шведтер дүйсенбі күні Чехия құрамасымен ойнайды. Қазақстанның ерлер құрамасы 1995 жылғы Универсиадада алтын медаль алған. 1993, 2013 және 2015 жылдары күміс жүлдегер атанып, 2007 жылы қола медальге қол жеткізген.
Еске сала кетелік, былтыр Астанада Қазақстан Президентінің кубогын сарапқа салған хоккей додасында „Барыс„ пен „Куньлунь Ред Стар„ клубтары кездесіп, онда Дамир Рысбаев пен Мадияр Ибрайбеков қытайлық хоккейшілерді қуып жүріп сабап, екі матчқа ойыннан аластатылған. Бірақ әбден есі шығып, зәрезап болған Қытай хоккейшілері ары қарай өнер көрсетуден бас тартқан. Тәртіп бойынша олар жеңілді деп саналып, ойын 5:0 есебімен аяқталып тынып еді.
https://www.youtube.com/watch?v=Av2NN7ZG3pQ
https://www.youtube.com/watch?v=nbfx6jLFVjA