Есентаеваның тұңғышы Айсәуле Бақытбек АҚШ-та оқитын сүйіктісіне аттанды. Айсәуленің Америкада жүргеніне осымен 3 ай болды және осы уақыт аралығында ол шетелдегі өмірімен белсенді түрде бөлісуде.
Түрлі қалалар мен көрнекі жерлерді көретін мүмкіндіктер туса, Айсәуле ол мүмкіндіктерді жіберіп алмауға тырысатындай. АҚШ-қа ол өзі жалғыз емес, досымен, Ла атты күшігімен бірге барды.
Отанынан алыста болса да, әнші отандық Ақан Сатаевтың “Оскар” жүлдесіне ұсынылған “Анаға апарар жол” атты фильмін қолдап, барған екен.
“Кеше “Оскар” жүлдесіне ұсынылған “Анаға апарар жол” атты фильмнің көрсетілімінде болдым. Және Ақан Сатаевтың шеберлігіне тағы да тәнті болып қайттым. Менің ойымша, ол заманауи Қазақстанның үздік режиссері. Беверли Хилзда ілулі тұрған отандық афишалар мен фильм соңындағы шетелдіктердің қошеметін есту- ғажап сезім. Тағы да қошемет ұруға дайынмын! Осындай кино сыйлағаныңыз үшін алғыс айтамын”,- деп Есентаеваның қызы алғысын білдірді.