Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Оған қоса Ермұхамет Ертісбаев ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқаратын болады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ол Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.