Шығыс Қазақстанда тасжолды тасқын су басып қалды.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«9 сәуір күні Бесқарағай ауданында Ертіс өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, облыстық маңызы бар «Семей-Долонь» тасжолы су астында қалып қойды. Салдарынан 35 шақырым жолды су басты. Арнасынан асқан судың тереңдігі – 10-15 см, ені 20 м», – делінген хабарламада.