Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ертең AsiaCredit Bank лицензиясынан айырылуы мүмкін

internetelite.org

AsiaCredit Bank қызметі көптен бері реттеушінің шағымын тудырып жүр. Тамыз айында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк басшылығын жұмыстан шығарып, оларға қаржы ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым салды. Бұл шешімнің себебі — банкті тиімсіз басқару. Қомақты ақша ағындарына және несие портфелінің төмен сапасына байланысты клиенттерге қызмет көрсету де шектелді.

Банкке жаңа менеджмент тағайындалып, оларға ЕДБ-ны қалпына келтіру міндеттелді. Ол үшін акционердің қаражаты есебінен клиенттік төлемдерге уақтылы және толық қызмет көрсетуді қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Іске асыру мерзімі – 2020 жылғы 25 желтоқсанға дейін. Бұл ретте AsiaCredit Bank ерекше реттеу режиміне ауыстырылды.

“Осы іс-шараларды жүргізу есебінен 2020 жылдың басынан бастап банк несие портфелін өтеу бойынша жұмысты күшейтті, ол шамамен 6 млрд теңге тартуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, банк акционер мен үлестес тұлғалардан шамамен 5 млрд теңге сомаға өтімділікті қосымша тартты”, – деп атап өтті реттеушінің баспасөз қызметі.

Бұл Банктің міндеттемелерін 11 млрд теңгеге төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл ретте депозиттік портфель де 7 млрд-қа қысқарды. Бизнес иелері де, халық та салған ақшаларын шығара бастады. Осылайша, жеке тұлғалардың салымдары 2 млрд теңгеге қысқарды.

Банк нарықта қала ма, ертең белгілі болады.

“Іс-шараларды орындау мерзімін одан әрі ұзарту жүзеге асырылмайды. Іс-шаралар жоспары уақтылы және толық орындалмаған жағдайда Агенттік қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айыруға дейін шаралар қабылдайтын болады”, – деп атап өтті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Несиенің төрттен үш бөлігі қайтарылмайды

AsiaCredit Bank көрсеткіштерінің динамикасы нашар. Несие қоржыны 2018 жылғы тамыздан бастап – қатарынан екі жылдан астам уақыт бойы үздіксіз қысқарып келеді. Тек соңғы 12 айда берілген кредиттер көлемі 35,6 млрд теңгеге дейін төмендеп, 26,1% – ға қысқарды.

Бұл ретте Банктің жалпы несие портфеліндегі төлемдердің мерзімі өтіп кеткен несиелердің үлесі 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 72,4%-ды құрайды. Көрсеткіш қатарынан 4 ай бойы 70% белгісінен жоғары, ал 9 ай бойы — 50%-дан жоғары.

Ұлттық банктің соңғы мәліметтері бойынша 90 және одан да көп күнге кешіктірілген кредиттердің (NPL) үлесі 61,5%-ды құрайды. Яғни, қазір банк төлемдерді бұрын берілген несиелердің төрттен бір бөлігі бойынша ғана алады. Бұл ретте қарыз алушылардың үштен екісі (сомаға қарай) шоттар бойынша төлеуді әлдеқашан тоқтатқан.

Бір жарым жыл бойы шығын

Банктің міндеттемелеріне келетін болсақ, мұнда да динамика нашар. 12 айда олар 29,5%-ға — 39,6 млрд теңгеге дейін төмендеді. Салыстыру үшін — ең көп деген көрсеткіш 2016 жылдың соңында болды, онда ол 230 миллиардтан асқан болатын.

Жеке тұлғалар салымдарын қатарынан 8 ай бойы шығарып отырған және соңғы 19 айдың 17-сі ішінде жалғасып отырған. Алайда, соңғы уақытта төмендеу қарқыны аса білінбейді:  қараша айында, мысалы, 0,4% құрады. 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ЕДБ шоттарында жеке тұлғалардың 19,4 млрд теңгесі сақталуда.

Бизнес өз қаражатын әлдеқайда белсенді түрде шығарып отырды. Заңды тұлғалардың салымдарының көлемі бір жылда үш есеге жуық төмендеп, 1 желтоқсанға бар болғаны 3,6 млрд теңгені құрады. Шығу соңғы 19 айдың 18-інде байқалды. Қазір республиканың бір ғана ЕДБ-де AsiaCredit Bank – “Пәкістан ҰБ” ЕБ-ға қарағанда аз қаражат сақталуда, онда заңды тұлғалардың шоттарында бар болғаны 18,8 млн теңге.

Мұндай көрсеткіштермен қандай да бір табыс туралы айту артық. 11 айдың қорытындысы бойынша ағымдағы шығыстардың кірістерден асып кетуі 4,76 млрд теңгені құрайды. Банк 2019 жылғы мамырдан бастап ай сайын шығынмен жұмыс істеп келген. 2020 жылғы қараша нашар көрсеткіштермен жабылды — айдың қорытындысы бойынша қызметтен болған шығын 1,3 млрд теңгеден асты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз