Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ернар Айдар жалған ұтыс ойынының құрбандарының ақшаларын қайтарудан бас тартты

584
Сурет әлеуметтік желіден алынды

Жалға алынған машиналар мен пәтерді ұтыс ойынына ойнатқан даудан кейін Ернар Айдар қамауға алынды. Кейін әншіні босатты, бірақ ол ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпай, Instagram-акккаунтын жүргізуді қойды және өзінің жанкүйерлерімен араласуын тоқтатты.

Егер ұтыстан ақшаларын жоғалтқан адамдар болмаса, бұл ойын ары қарай жалғаса берер ме еді. Қазақстанның түпкір-түпірінен адамдар орындаушыдан ақшаларын қайтарып беруді сұрады.

Сурет әлеуметтік желіден алынды

 

«Ассалаумағалакүм құрметті де, ардақты ағайын!

Мен де қазір бәрі жақсы, Аллаға шүкір, маған алаңдап, мені уайымдап, дұға-тілектері мен жылы сөздерін жолдап жаттқан ағайынға басымды иіп рахметімді айтамын. Тергеу жайлы сұрап жатқандарға, ойын ұйымдастырушылары қамауда, тергеу жұмыстары жүріп жатыр, тергеу жұмыстарының қашан аяқталатыны белгісіз.

Ал мен өз тарапымнан тергеу жұмысына, ойынға қатысты барлық мәліметті беріп қойғам. Күтейік, Алла қаласа тергеу аяқталып, бәрі жақсы болады. Билеттің ақшасын сұрап жатқан ағайынға, менің ақшаға ешқандай қатысым жоқ.

Сіздердің ақшаларыңыз ұйымдастырушыларда, ақшаға сол ұйымдастырушылар жауап береді. Қазірде осы ұйымдастырушылардың үстінен тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Менің бар шындығым, мен де сіздер сияқты алданып қалдым. Бұл нәрсе маған ауыр тиді, себебі қаның түгіл ойыңда жоқ нәрсе, саған келіп бәле болып жабысқанда не істеріңді білмей қалады екенсің»,

— деп жазды әртіс.

«Инстаға көптен шықпағанымның да себебі сол.

Әуелі Алла, ата-анам, аға-бауырларым, достарым жақын-жуық, туған-туыстар маған сенім білдіріп өз қолдауларын көрсетті.

Өнерімді сүйіп, мені өз баласындай көріп, маған сенім артқан ҚАЗАҚ халқыма, сағынышты сәлемім мен шексіз алғысымды айтамын.

Өнердегі де, өмірдегі де, аға-әпкелерім, бауырларым, менің сүйікті тыңдармандарым, (Ернар қайдасың, Ерош сені сағындық, Ереке жаңа әндеріңді сағындық, Ернартай бұл сынақ, сенің кінәсіз екеніңе сенеміз қолдаймыз, Ернар балам еш уайымдама бәрі жақсы болады, Ернар біз сенімен біргеміз….) деген шынайы тілектерін оқып, естіп қатты қуанып, бойыңда ерекше жігер, күш-қуат пайда болады екен.

Баршаңызға басымды иіп рахмет айтамын, маған халқымның ақ тілегі мен, ақ батасынан асқан байлық та, атақ та жоқ.

Өнеріме құрмет пен қарап бағалайтын ағайынды, алдағы уақытта жақсы жаңалықтар мен қуантуға тырысамын.

Алла жар болсын. Ең бастысы Қазақстанымның тыныштығы, тәуелсіздігі мәңгілік болғай, ел тыныш, жұрт аман болсын!», — деп қорытындылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз