Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ерлан Сағадиев ҰБТ-ға өзгерістер енгізуді ұсынды

Екінші, ҰБТ жоғары оқу орнына түсетін емтиxан болғандықтан, оны өткізу шараларынан мектеп мұғалімдерін босату.

Үшінші, мектеп балаларын ҰБТ-ға емес, мектеп бағдарламаларын игеруге дайындау қажет болғандықтан, мектептерде сынама, “пробный” тесттерін өткізбеу.

Төртінші, мемлекеттік білім гранттарын оқу тіліне – қазақ немесе орыс тілдеріне бөлмей тағайындау және тағы бірнеше ұсыныс бар”,- деді Е.Сағадиев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің сөзіне қарағанда, барлық ұсыныстар Тамыз конференциясында кеңінен талқыланады. Соның негізінде тиісті шешімдер қабылданады. Айта кетейік, отырыс барысында министр жаңартылған мазмұндағы білім беру мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, жоспар бойынша биыл бірқатар сыныптар білімнің жаңартылған мазмұнына көшетін болады.

“Өткен жылдан бастап 1-ші, 2-ші, 5-ші және 7-ші сыныптар жаңа оқу бағдарламасы бойынша білім алуда. Осы 2018-ші оқу жылынан бастап қосымша 3-ші, 6-шы және 8-ші сыныптар жаңартылған мазмұн бойынша білім ала бастайды. Оларға арналған оқулықтар дайын. Барлығы сараптамадан өтті, басылды. Оқулықтарды облыстарға жеткізу жұмысы басталып кетті”, – деді Е.Сағадиев.

Министрдің сөзіне қарағанда, Бірқатар аудандарға оқулықтар уақтылы жетпей қалуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз