Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Еркектер, сендерге не жоқ? Баянның өмірін сөз қылғанға ұялсаңдаршы!

133

Шынымды айтсам, оқып отырып өз көзіме өзім сенбедім? Әй адамдар, сендерге не болған? Соншалықты қатігездік қайдан жүр сіздерде? Өмір сіздерді ренжіткені үшін бүкіл ашу-ызаның басқа біреуге үйіп-төккен дұрыс па? Жарайды, әйелдерді түсінуге болады. Табиғатында бар шығар… Болмаса өзінің күйеуінен көрген теперішін жеңілдету үшін басқа біреудің атына ауыр сөз айтып “тазаратын” болар, кім білген.

Ал еркектерге не жоқ? Баян сіздерге не жазды?

Өз басым Баянды баяғыдан танимын. Ол өте мықты әйел. Алайда қанша дегенмен ол – нәзік жанды.

Сондықтан оған қатысты лас пікір жазарда алдымен ойланып алыңдар. Егерде ол өзіне қысым жасағанға қарсылық таныта алмайтын әлсіз әйел деп ойласаңыз қателесесіз.

Еліміздегі ер-азаматтардың көпшілігі Баян үшін тұрып беруге бар. Соның бірі – менмін.

P.S. Еркектер, еркек болып қалайық. Ер-азамат деген атымызды сақтайық. Ал әйелдер, сіздер алдымен өз өмірлеріңізді түзетіп алыңыздаршы…

m1070038

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз