Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Еркек пе, әйел ме?”. Шымкентте белдемше киген біреу сот алдында шу шығарды

 

 

“Мекен-жайымды қате көрсеткеннен соң, заң талаптарын орындайын деп, Шымкент қаласындағы тұрақты мекен-жайымнан Ордабасы ауданы Шұбарсу елдімекеніне “көшуге” мәжбүр болып отырмын”, – дейді ол.

“Қазақстанның әрбір азаматы соттың қаулысын орындауға міндетті. Бұл жерге мен Мақтарал ауданы сотының қаулысына сай, міндетімді орындау үшін келіп тұрмын. “Азаматша” деген сөз менің ар-намысыма тиіп бітті”, – дейді наразылық танытушы адам.

Наразылық танытқан азаматты қабылдаған облыстық соттың судьясы Мұхтар Абайұлының айтуынша, бұл азаматтың екі сұраныс хатына жауап берілген.

“Қаулы намысыма тиді десеңіз, шағым түсіріңіз”, – деді ол наразылық білдірген азаматқа.

“Тәртіп бойынша, облыстық соттың төрағасы сізді қабылдағанымен, қазір бұл соттың қаулысын бұза алмайды. Ертең келіңіз, төраға қабылдайды”, – деді судья.

Наразылық танытушы адам бұл мәселе бойынша облыстық соттың төрағасы мен жоғарғы соттың төрағасына шағым түсірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз