Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

Еркебұлан Сейдахмет жаттығу кезінде ауыр жарақат алып қалды

Бас бапкер сұхбаты барысында бірнеше футболшының матчқа қатыса алмайтыны туралы хабарлаған.

“Евгений Постников, Дима Шомко және Ян Вороговский жарақатына байланысты қатыса алмайды. Сонымен бірге Еркош жаттығу кезінде жарақат алып қалды.

Өте өкінішті, үш айдай емделуге тура келеді, операция жасатуы тиіс. Ертең операция жасату үшін Германияға кетеді.

Оның орнына кімді шақыратынымызды ойлаймыз. Перцух, Өміртаев және Антиповты шақырдық. Олар резервте болған еді”, — деді Стоилов.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Латвия командасы туралы пікірімен де бөлісті.

“Латвия алғашқы ойында таңғалдырды. Команданың өскені байқалады. Нәтижесіне қарамау керек. Шабуыл жасағанда өздерін батыл ұстайды”, — дейді бапкер.

Сөз соңында Станимир Стоилов біздің құраманың жақсы футбол көрсетіп, ойындағы өз стилін дамыту керектігін атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз