Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
32
USD
448
0.00
EUR
483
0.00
RUB
5.54
0.00

Еркебұлан Сейдахмет жарақат алып қалды

Айта кетейік, Еркебұлан «Уфа» мен мәскеулік «ЦСКА» командалары арасында өткен ойынға (1:1) қатыспаған.

Қазақ футболшысы Ресей премьер лигасында 2 ойында жасыл алаңға шықты. Нақтырақ айтсақ, жерлесіміз «Анжиға» қарсы ойынның 46-минутында командасына 2 гол салуға көмектескен. Қорытынды есеп 3:2, уфалық клубтың пайдасында. Ал екінші рет алаңға Еркебұлан ресейлік «Арсенал» клубына қарсы матчта шыққан. Ол ойынның 81-минутында басқа футболшыны ауыстырған.

Ал мәскеулік «Динамо» (1:1), «Краснодар» (1:0) және «Зенит» (1:2) командаларына қарсы ойындарда отандасымыз қосалқы құрамда отырған.

Еске сала кетейік, 22 сәуірде «Уфа» клубы мәскеулік «Локомотив» командасына қарсы ойнайды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз