Башқұртстан Республикасының «Уфа» футбол клубы қазақтың жас футболшысы Еркебұлан Сейдахметпен ресми түрде ұзақ мерзімге келісімшарт жасасты.
Нақты қанша жылға келісімге қол қойылғанын клуб басшылығы нақтылап айтпады.
Еркебұланның алаңда қандай нөмірмен ойнайтыны әлі шешілмепті.
Футболдан Ресей премьер-лигасының көктемгі бөлігі наурыз айында жалғасады. 4 наурызда «Уфа» мәскеулік «Динамомен» кездеседі.