Осы бар ғой… Бәріміздің «достарымыздың» арасында бір сарындағы суреттерін қайта-қайта сала беретін жұлдыздарымыз бар.
Сонымен, елді әбден жалықтырған, таза «надоел болған» селфилер мыналар екен:
Дәретханадағы селфи.

Селфилерден жасалған коллаж. Мұндай сурет авторларының кейде «мен – көп болмаймын», деп жазатыны бар.

Тамақтың суреті.

Аяқтар. Көп арулар мұны да өзінше сән көреді.

Төсекте жатып суретке түсу.

Ит-мысықпен селфи.

Ернін «үйрек етіп» суретке түсу. Мұндай суретке көп адамның жыны келеді екен.

https://kaz.365info.kz/oj-symdykh-aj-ajelim-ashat-sadyrbajdy-andidy-eken-266538
«Қайғырған» сурет. Тағдырым қиын, жаным жаралы, өйтіп-қалды, бүйтіп қалдым, деп аянышты сурет қойғыштар да жетеді.

«Жуынып жатырмын». Ваннаға жатып алып, сабынды көпіртіп қойып, селфи жасауға құмар қыздарды көрген боларсыз?

Тренажер залынан сурет. Олар да мақтаншақтар. «Маладеспін», «спортсменмін», «сексуалдымын» дегені ғой енді…
