Қазақстандық композитор Қайнар Алагөзов Ерке Есмахан орындайтын хит ән “Қайданың” шығу тегі жайлы сөз қозғады. Айта кетейік, жақында желіде бұл әннің қырғызша нұсқасы жарияланған болатын.
Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қайнар Алагөзов өлеңнің сөзін өзі жазғандығын мәлім етті. Ал әннің авторы композитор Диана Исмаилова екен. Оның сөзінше, Қырғызстанның әншісі өлеңдегі бірнеше қаланың атын өзгертіп айтқан. Сонымен қатар, көрші мемлекеттер оның өлеңін айтқандығына қарсылығы жоқ екендігін де алдыға тартты.
“Мен бұған қарсы емеспін. Керісінше, әнім осыншалық танымал болғанына қуанып отырмын”,- дейді Алагөзов.
https://kaz.365info.kz/erke-esmahannyn-maskharasy-shykhty-video-276330
Еске сала кетейік, “Қайда?” әні Қазақстанда танымал болып жатыр. Қазірдің өзінде бейнебаян 18 миллион қаралым жинаған.
Мақала ВК-дағы «Атамның басы-ай» тобында талқыланып жатыр.