Танымал әнші Ерке Есмаханның Instagram-дағы оқырмандары оның балалық шағында шашының жиі сіркелеп, биттеп кеткенін жақсылыққа балады.
«Шашым қалың, бұйра-бұйра, сосын кішкентайымда биттей беретінмін. Бит тарақпен, жабылып қолмен, керосинмен тазартатын. Тақыр қылып алып тастаған кез де болды. Сонда да кетпейтін бит, сірке», – деп жазды Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында.
Желі оқырмандарының бірі биттеуді жақсылыққа жорып, «Бастың сіркелеуі – байлықтың белгісі» деп пікір қалдырдын.
«Кішкентай кезде биттегендер өскенде бай болады екен. Осылай деп мың адам жазды. Еңбек емес, сол биттің арқасында байып кетіп, қазір Антальяда демалып жатырмыз ғой, шүкір. Баюдың жолын таптық, коуч ханымдар», – деп мысқылдады әншінің өзі.