Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ерке Есмахан бұрынғы продюсерлерімен араласпайтын болған

455

Ерке Есмаханның бұрынғы музыкалық продюсері Бағым Мухитденованың сөзіне қарағанда олар мүлдем байланысты үзген, тіпті телефонмен де хабарласпайтын көрінеді.

«Шын айтқанда, біз кездеспейміз де, араласпаймыз да, біз тіпті құрбылар емеспіз. Ерке біздің жобаларымыздың бірі ғана болған. Бұрындары да тек жұмыс бойынша сөйлесетінбіз. Қазір байланыста емеспіз. Менің өз өмірім бар, оның өз өмірі бар», — деді Бағым Мухитденова «Ревю» бағдарламасына.

Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмахан өз шығармашылығын Баян Алагөзова мен Бағым Мухитденованың қарамағанда бастаған. Ол “Іңкәр” тобының солисі болған. Кейін Shine продакшнде қалып, жеке әнші болып өнер көрсетті.

2016 жылдың соңында Ерке өз бетінше жұмыс істеуді бастайды. Қазір ол сұранысқа ие әншілердің қатарында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз