Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Еріктілер қызметін жеңілдік жасап, гранттар бөліп дамыту керек

21999

Волонтерлық бізде жаңа және әзірге нашар дамыған бағыт. Әлеуметтік зерттеу мәліметтері бойынша,  сұралғандардың оннан біреуінде ғана мұндай қызмет тәжірибесі болған. Мәселе ынталандырудың жоқтығында болуы мүмкін. Батыс елдерінде еріктілерге түрлі жеңілдіктер беріледі — салық төлеуден бастап білім алуға дейін. Бұл тәжірибе бізге де қабылдау керек шығар. Бұл туралы «Еріктілер Қазақстандағы азаматтық белсенділіктің жаңа түрі ретінде» атты жұмысында ҚСЗИ-дің аға ғылыми қызметкері Гүлназ Касимова жазады.

Әзірге ерікті болғысы келетіндер аз

Автор қазіргі таңда біздің азаматтық қоғамымыз қалыптасу процесінде және «билік пен халықтың өзара қарым-қатынасының тік моделінен бірлескен шешім қабылдау моделіне көшу» қажет деп атап өтті. Ол үшін қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдарды, соның ішінде еріктілер қозғалысын дамыту қажет.

— Зерттеу мемлекеттік саясаттың ықпалымен Қазақстанда еріктілердің қызметі мен оны  дамыту үдерістерінің проблематикасына бағытталған, — деп нақтылады Касимова.

Қазақстанда еріктілер жаңа және ерекше құбылыс. Сондықтан көпшіліктің бұл туралы түсінігі аз. Тиісінше, қатысушылар да аз.

Автор

бүгінгі таңда еріктілер қозғалысының дамуына  азаматтардың бастамасына қарағанда, мемлекет саясаты көбірек  әсер етеді,

— деген болжам жасады.

Алайда кей кездерде  осы салада азаматтық белсенділіктің «артқаны» байқалады.

— Халықаралық деңгейдегі қандай да бір іс-шаралар (Қысқы Азия ойындары, EXPO 2017 Astana және т.б.), төтенше жағдайлар (көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету, Арыс қаласындағы әскери қоймадағы жарылыс) және т. б. өткізу кезінде айқын көрінеді, — деп жазады Касимова.

Парламент волонтерлік қызмет туралы заңды  тек 2016 жылдың желтоқсан айында ғана қабылдады. Бұл мәселе бұрын да көтерілді. Мысалы, 2014 жылы азаматтық қоғамды зерттеу шеңберінде респонденттерге «Қалай ойлайсыз, Қазақстанда еріктілер туралы арнайы заң қажет пе?» деген сұрақ қойылды.

Еріктілер порталына ешкім кірмейді, қолданбайды

2018 жылы тағы бір әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Сол кезде волонтерлік тәжірибесі бар азаматтардың басым бөлігі  оның әлеуметтік бағытын көрсетті – 22%. Бұл бағытқа әлеуметтік  осал санаттарға: аз қамтылған отбасыларға, қарт адамдарға көмек көрсету, сондай-ақ медициналық қажеттіліктерге қаражат жинауға көмек көрсету жатқызылды.

—Яғни, қазақстандық волонтерлер саяси тақырыптан тыс проблемаларды шешуге тырысады, — деп атап өтті автор.

Аталған заңның бір тарауы волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мәселелеріне арналған. Оған сәйкес, мемлекет негізгі ұйымдастырушы рөлін орталық және жергілікті деңгейде атқарады. Оның басты міндеттерінің бірі-қоғамдық алаң құру және еріктілер желісін кеңейту. Оның ішінде өңірлік деңгейге де назар аудару қажет.

2017 жылы 125 волонтерлік ұйым болды. Басым көпшілігі Алматы, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында шоғырланған.

— Еріктілікті одан әрі дамыту үшін бүгінгі таңда еріктілердің бірыңғай платформасы құрылды. Онда әлеуетті ерікті ретінде тіркелуге болады, — деп жазады Касимова.

Қазір онда 192 ұйым тіркелген, 2 692 ерікті, 58 жоба жарияланған

— Дегенмен, платформаға жасалған талдау пайдаланушылардың белсенділігінің төмендігін көрсетеді. Осылайша, кіру дәрежесі бойынша  qazvolunteer.kz сайты Қазақстанда 7 233-ші орында тұр. Яғни, платформа аудиториясы өте ерекше және пайдаланушылардың  саны аз. Трафиктің негізгі көзі тікелей өту – 75,5%. Негізгі сөздер бойынша іздеу арқылы  пайдаланушылардың тек 19%-ы кіреді. Әлеуметтік желілердегі парақшаның да трафигі төмен– 3,75%, — деп атап өтті ол.

Гранттар бар, бірақ олар жеткіліксіз

Волонтерлік қызметті дамыту үшін қолайлы орта қажет. Батыс елдерінде

түрлі салықтық жеңілдіктер,  ЖОО-ға немесе жұмысқа түсу кезіндегі артықшылықтар секілді волонтерлерді ынталандыру әдістері бар

Бұндай әдістер бізде әлі де талқылануда. Бұл танымалдылығын арттыруға ықпал етпейді.

— Ақысыз қызмет принципіне қарамастан, ұйым аясында қаржыландыру мәселесі өзекті болып табылады. Қазақстанда мемлекет түрлі бастамаларға шағын гранттар бағдарламасын ұсыну арқылы еріктілерді қолдайды, — деп жазады автор.

Дегенмен, алға жылжу бар. Бұл көбінесе азаматтардың емес, мемлекеттің қатысуынан болып отыр.

— 2020 жыл еріктілер жылы деп жарияланғанын ескерсек, бұл өте өзекті мәселе. Алайда, мемлекеттік саясаттың арқасында еріктілік құрылымдалған қызмет сипатына ие болады. Заңның қабылданғанын, бірыңғай платформа құрылып, аймақтық деңгейде волонтерлік желінінің кеңейтілгенін айтуға болады— деп атап өтті сарапшы.

Қазақстанда еріктілер қозғалысының дамуы ошақтық сипатқа ие

— Осыған байланысты әлеуетті еріктілер санының өсуін ынталандыру мақсатында қосымша жеңілдіктер, көтермелеу енгізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Бұдан басқа, ұйымдар мен волонтерлік қозғалыстардың өзара іс-қимылын тұрақты негізде нығайту бойынша шаралар әзірлеу қажет, — деп түйіндеді автор.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз