Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Ереванда наразылық шеруіне шыққандар үкімет ғимаратын қирата бастады

123

Сондай-ақ, наразылық білдірушілер Армения үкіметінің ғимаратына кіріп, қирата бастады.

Армения премьер-министрі Никол Пашинянның Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату туралы мәлімдемеге қол қою туралы шешіміне наразы болған армяндар бөлмедегі жиһаздарды қиратты. Олар премьерді  еліне опасыздық жасады деп айыптады.

Бұған дейін Ресей, Армения және Әзірбайжан басшылары Владимир Путин, Никол Пашинян және Ильхам Әлиев Таулы Қарабақтағы әскери операцияларды тоқтату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойған болатын. Шартқа сәйкес, 10 қарашаның түн ортасынан бастап аймақта төбелес тоқтайды.

Таулы Қарабақ төңірегіндегі аумақтық қақтығыс 27 қыркүйекте Әзірбайжан елі армян тарапы арандатушылық жасады деп жариялап, шабуыл жасағаннан кейін күрт шиеленісе түсті. Содан бері тараптар атысты тоқтату туралы үш рет келісті, бірақ ешбір келісім сақталмаған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз