Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Еуропаға қайтадан ашу-ызасын көрсетіп, Анкараның Еуропалық одаққа қосылу жөніндегі өтінішін қайта қарайтынын мәлімдеді. Ердоған “Еуропа түрік халқына қарсы жасағанына жауап береді” деді.
9 сәуірде Измирде сөйлеген сөзінде Ердоған 16 сәуірде Түркияда президенттің құзыретін кеңейту жөніндегі референдум өткеннен кейін, Еуропа мәселесіне қайта оралатынын мәлімдеді. Түркия президенті Еуропаны «ауру адамға» теңеді. Бұл теңеуді 19 ғасырда еуропалық саясаткерлер құлап бара жатқан Осман империясына қарсы айтқан.
Батыс елдері Ердоғанды билікті бір адамның қолына көшірмекші деп айыптайды. Ол сонымен бірге 2016 жылы шілде айында елде төңкеріс жасамақ болды деп оппозицияны қудалағаны үшін сынға қалып отыр.