Алматы әкімі Ерболат Досаев Digital Almaty 2025 халықаралық цифрлық форумға қатысып, оның барысында қала басшысы инновациялық әзірлемелер, соның ішінде қазақстандық мамандардың жобалары ұсынылған стартап-аллея мен робо-аймақты аралап көрді.

Мегаполис басшысы цифрлық трансформацияның жаңа жетістіктерімен танысты. «Индустрия X» аймағында қазақстандық технологиялық компаниялар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда енгізілген табысты жобаларды көрсетті. «Индустрия X» өндірістің әртүрлі салаларында тиімділікті, сапаны және өнімділікті арттыру үшін жасанды интеллектті қоса алғанда, озық технологияларды пайдалануды қамтиды.

Орталық Азияның цифрлық хабы ретінде іс-қимыл жасайтын Алматы дәстүрлі түрде форум өткізілетін орынға айналды. Биылғы жылы іс-шараға 300-ден астам халықаралық сарапшылар қатысып, 40-тан астам панельдік сессия аясында экономиканың нақты секторында цифрлық технологияларды қолданудың табысты кейстері ұсынылады.

Акселерациялық және инкубациялық бағдарламалар 309 стартапты сәтті аяқтады, оның 16-сы халықаралық нарықтардағы сатылымдарды растады.
Сонымен қатар, Алматыда Қазақстанда алғаш рет қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін видеосараптама мен жасанды интеллект пайдаланылды. 2023 жылы әкімдік мемлекеттік білім беру және мектепке дейінгі мекемелерде кешенді қауіпсіздік жүйесін енгізді. Алматының табысты тәжірибесін қабылдай отырып, еліміздің басқа өңірлері де осы технологияны енгізе бастады. Бірыңғай видеомониторинг жүйесінің жобасы аясында жыл соңына қарай бірыңғай желіге біріктірілген қалалық камералар саны 70 мыңға дейін ұлғаяды.