Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Ер адамдардың қандай әйелге ынтық екенін білем”. Айнұр Тұрсынбаева не дейді?

877

Мысалы бір әйелдер болады, үнемі жадырап жүреді, той-томалақ болса соның қақ ортасында жұрттың бәрінің көңілін көтереді. Билейді, күледі, ән салады.

“Осы сен шаршамайсың әйтеуір” деп жатамыз ғой. Мұндай әйелдердің тартылыс күші керемет!

https://kaz.365info.kz/khatty-ajtypty-zharynan-zhyly-soz-estimegen-ajel-baskhanyn-tatti-sozine-tez-aldanady-254051

Олармен кездескің келеді, сөйлескің келеді, тіпті вечер жасағанда олар келмей қалса кеш түк те қызық болмай қалады. Олар қиналса да білдірмейді, мойымайды, сынбайды. Ал егер сіз тез шаршайтын болсаңыз, көп ұйқыңыз келе беретін болса сізде энергия тапшы.

https://kaz.365info.kz/makhtanamyn-ne-bolypty-ajnyr-tyrsynbaeva-ozin-synajtyndarga-zhauap-berdi-268003

Сәл мұңайсаңыз өзіңізді бақытсыз сезінесіз. Тез жеңілесіз. Сіз өзіңіз байқай бермейтін де боларсыз, бірақ бәрі сізден қашады. Себебі сіз маңайыңызды шаршатасыз. Сізде позитив жоқ! Сізде энергия жоқ!

Мысалы екі стақанда су тұр. Біреуі лық толып төгілейін деп тұр, біреуі жарты стақан ғана. Қайсысын ішеді жұрт? Әрине лық толыны. Жарты стақан судың ыдысы мың жерден әдемі болса да, xрусталь болса да, әдемі тастармен көмкерілген болса да шөлдеген адам оған қарамайды. Яғни, қанша әдемі, сымбатты болсаңыз да тасып тұратын энергияңыз болмаса бәрі бекер.

Энергия тапшы әйелден еркектер алыстағысы келіп тұрады. Энергияны қайдан аламыз?! Табиғаттан, судан, күннен, баладан, қуанышты сәттерден, спорттан аламыз. Ал еркектер энергияны тек қана әйелден алады!

Сондықтан энергиясы мол әйелдің күйеуінің жолы болғыш келеді. Ал ренжу, мұңаю, жылау, ұрысу энергияны құртады. Депрессия барлық күш жігеріңізді сорып алады. Әсіресе ер адамға жиі ренжитін әйелдерде энергия дефицит болып тұрады.

https://kaz.365info.kz/khydagilarmen-iship-khajrat-nyrtas-zhana-zhyldy-khalaj-kharsy-aldy-video-296428

Ренжіп келе жатсаңыз дереу шомылыңыз! Салқын суды көбірек ішіңіз.

Энергияңызды үнемдеңіз! Керісінше жинаңыз. Көңілді жүретін адамдармен жиірек кездесіп энергия жинаңыз. Қонаққа шақырса “ойбай шаршап тұрмын” демеңіз! Шақырған жерден қалмаңыз! Күйеуіңіз не айтса да мақұлдаңыз!

Ерінбеңіз! Далаға көбірек шығыңыз. Душқа түскенде судың астында қимылсыз көп тұрыңыз… Үйде тек күліп жүріңіз. Балаларыңызды көбірек сүйіңіз, қүшақтаңыз. Сізде бәрі жақсы болады. Өмір керемет! Тек қана алға!» – деп жазыпты Айнұр Тұрсынбаева.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз