Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Әлгіндейге көп қарайды…”. Ер адамдар көбіне қандай әйелді тастап кетеді?

 

1.Ер адамдар көп жағдайда өзін-өзі күтетін, үйі де, өзі де тап-тұйнақтай болып жүретін ұқыпты әйелдерді ұнатады екен.

Мәселен, сіз кездесулердің бастапқы уақытында өзіңізді тек жақсы жағынан көрсетіп, ал кейін “дәмханада отырып, қолыңызды шалбарыңызға сүрте салсаңыз немесе қол орамалыңыз жуылмаған күйі жүре берсеңіз”, бұл қылығыңыз сүйіктіңізге ұнамай қалуы әбден мүмкін. Себебі,

ерлер салдыр-салақ, өзін күтпейтін әйелдерді ұнатпайды, демек ондай қыз-келіншектерді тез тастап кететіні анық.

https://kaz.365info.kz/er-men-ajel-ten-105-zhyl-byryn-zhazylgan-khazakhtyn-algashkhy-ata-zanynda-ne-delingen-299923

2.Сонымен бірге, жігіттер мансапқұмар әйелдерді жиі тастап кететіні белгілі болған. Өйткені, ерлер кез келген арудың бірінші кезекке жұмыс немесе мансапты емес, отбасын қойғанын ұнататын көрінеді.

Ал, «әр минуты есептеулі, үйден гөрі іссапарларда жиі жүретін, табысты көп әкелетін» бойжеткендерден ер адамдар өздерін аулақ ұстайды екен. Сондықтан, мұндай бикештерге көп жағдайда жұмысы жоқ, намыссыз ер адамдар «әуес» болады.

3.Ер адамдар сондай-ақ, эзотерик-ханымдарды жиі тастап кететін көрінеді.

Ондай сұлуларға жұлдызнаманы жатқа білетін, күнделікті тағамдардан гөрі, өзгеше асты ұнататын, йогаға жиі баратын, қысқасы, өмірін барынша қызықты әрі ерекше өткізуге тырысатын бикештер жатады. Мамандар алғашында, мұндай бойжеткендер азаматтарға қызық болып көрінгенімен, кейіннен олар осындай «айрықша» өмірден шаршауы мүмкін дейді. Сондықтан, «әлгіндей» әйелдерден жиі бас тартады екен.

https://kaz.365info.kz/khu-arakh-ontystikte-bir-erkek-sheshesi-men-ajelin-bauyzdap-tastapty-304173

4. «Өте жақсы қыздарды» да жігіттер жиі тастап кетеді екен. Олар тіпті, мұндай қыздармен ара-қатынастарын бастамай жатып, «ізім-ғайып» жоқ болуы әбден мүмкін дейді мамандар.

Себебі, еркектерге «көп қыдырмайтын, үй мен оқу немесе жұмыс орнынан басқа жерге шықпайтын, «оқымысты», тіпті, алғашқы кездесудің өзін кейінгі қалдыра беретін» арулар ұнамайды екен. Ер адамдар осы санаттағы қыздарды «іш пыстыратын» жанға балайтын көрінеді.

Сондықтан, мамандар, нәзік жандыларға өзін тек жақсы жағынан көрсетіп қана қоймай, қажет кезде, өз «кемшіліктерін» де білдірткен абзал дейді. Көп жағдайда, еркектер мұндай бикештерді, «табиғи, ешқандай жасандылығы жоқ» деп қабылдап, оларды болашақ жары етіп көре бастайды екен.

https://kaz.365info.kz/erkek-sikhymyz-khaldy-ma-ajtysker-akhyn-ajelderdi-khalaj-ornyna-khoyu-kerektigin-ajtty-301237

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз