Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-7
USD
389
0.00
EUR
428
0.00
RUB
6.08
0.00

Ер адамдар әлі де бірінші орында

110

“Қазақстандық қоғамның әлеуметтік өлшемдегі құндылықтары” зерттеу авторлары біздің қоғамда әлеуметтік рөлдерге бөлу стереотипі әлі де өзекті деп санайды. Әлі де ерлерге басымдық беріледі. Бұл пікірді әйелдер де қолдайды.

Жас ана жұмыс істей ала ма?

Авторлар біздің қоғамда жыныстар арасындағы әлеуметтік рөлдерге қатысты стереотиптер өте өзекті екенін атап өтті. Себебі қоғамның өзі дәстүрлі және көп қауымдық. Ер адамдарға жиі басты орын беріледі, соның ішінде еңбек саласында.

Сарапшылардың айтуынша, кемсітушілік көзқарастар тек ер адамдарға ғана емес, әйелдерге де тән.

Осылайша,

сауалнамаға қатысқандардың жартысынан астамы ерлерден саяси көшбасшылар мен бизнесмендер (51,6%) шығады деп есептейді

44,1% адам қарама-қарсы пікірді ұстанады.

Жеті жыл бұрын жүргізілген сауалнама кезінде шамамен жартысы (51,5%) ерлер бизнесті жақсы басқара алады деп мәлімдеген. Одан әрі үштен екісі (64%) оларды саяси көшбасшы ретінде таңдады.

2018 жылғы зерттеудің мәліметтері бойынша, ерлер өзін саясат пен бизнестегі көшбасшылар рөліне барынша лайықты деп санайды (57,2%). Сонымен қатар, осы стереотиппен әйелдердің едәуір бөлігі келісті.

Бизнес пен саяси көшбасшы ретіндер ерлер үшін:

• орта білімі бар респонденттер (57,6%),
• қазақтар (54%), әсіресе қазақ тілділер (62,8%),
• басқа этностардың өкілдері (61%),
• айтарлықтай сирек – орыстар (41%) және билингвтер (44%) дауыс берген.

Бұл ойды ұстанушылардың ең жоғары пайызы оңтүстікте (61,5%) болды. Ең төмен — батыс және Орталық аймақтардың тұрғындары арасында (41-42%).

Сауалнамаға қатысқандардың үштен бірінен астамы (35,5%) жұмыс істейтін аналарды құптамайды, бұл балалар күтіміне кері әсер етеді деп санайды. Көбінесе бұл пікірді ерлер (38%) ұстанады. Бірақ әйелдер арасында әрбір үшінші адам осы оймен келіседі.

Мұндай пікір көбіне мына адамдар арасында кеңінен таралған:

• қала тұрғыдары;
• некеде тұрған адамдар;
• жас топтары 41-50 жас;
• қазақ тілді респонденттер.

Жас басшыларға көзқарас — теріс

Жас ерекшеліктері факторлары рөл атқарады. Мысалы,

жастардың басшы болу мүмкіндігі аз

деген пікір берік тұрақталған.

– Экономикалық даму парадигмасының түбегейлі өзгеруі бүгінде жас ұрпақтың технологиялық прогрестің, мәдени және әлеуметтік өзгерістердің алдыңғы қатарында жиі болуына алып келді. Батыс елдерінде жастар жоғары технологиялық салаларға негізделген ірі корпорациялардың топ-менеджерлері болып табылады, — деп жазады зерттеу авторлары.

Мысал ретінде отыз жасына дейін өз бетінше бай болған бірнеше адам келтірілген. Бұл – Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг, Google негізін қалаушылар Сергей Брин және Ларри Пейдж және тағы басқалар.

Тіпті “Эйджизм” (ағылш. ageism) – ДДҰ-ның түсіндіруінде бұл стереотиптер құру және жеке адамдарды немесе топтарды жас ерекшелігі бойынша кемсіту.

– Кейбір авторлар эйджизмнің жеке бағытын — эдалтизм (ағылш. adultism) жастарға қатысты қате түсінік пен соған сай жүйелі кемсітушіліктің бір белгісі, — деп есептейді сарапшылар.

Авторлар атап өткендей

біздің қоғамда “эдалтизм” бар болса да, оны басым деп атауға болмайды

Өз болмысыңды көрсету

Жалпы, сауалнамаға қатысқандардың 38,2%-ы жастардың (30 жасқа дейін) басшы болу құқығын мойындамады. Бірақ жартысынан астамы қарама-қарсы пікірді ұстанады (56,2%). Бір қызығы, жастардың арасында бұл сандар бірдей болды.

Кемсітушілік көзқарас ерлерге қарағанда әйелдерге, қала тұрғындарына қарағанда ауылдықтарға жиі тән

Наным-сенімдерде этникалық аспектілер бар: басқа этностарға қарағанда орыстар жастарды басшылар ретінде көрмейді (42,4%). Сонымен қатар, қазақ тілді халық арасында бұл стереотип орыс тілді (37,7%) және билингвтер (32,7%) арасында жиі кездеседі.

Сирек эдалтизм шығыста (27%), жиі – батыста, солтүстікте және орталықта (42-45%) байқалады. Сондай-ақ, басшының деңгейі жоғары болған сайын, соғұрлым ол жастарға билік өкілеттілігін беруден бас тартады.

Қоғам модернизаторлар мен консерваторларға бөлінді. Әрі қарай қай жолмен жүретінімізді болжау қиын. “Жаңа технологиялық өмір салты Батыс елдеріндегі сияқты Қазақстанда әлі сезілмейді”.

Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2019 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз