Ақмола облысының тұрғыны Астанадағы министрліктердің бірінде істейтін қызына жар іздеп жатыр. Болашақ күйеу жігітке қойылтын талап аса қиын болмағанымен үміткерлер қайын атаның көңілінен шықпай жатқан көрінеді деп хабарлайды “Еуразия бірінші арнасына” сілтеме жасаған NUR.KZ. Қалыңдық 40-қа жақындап қалған. Бұрын тұрмыста болған және бір қызы бар. Алайда әкесінің бұл әрекеті келіншекке ұнай қоймаған. Дегенмен қызының қарсылығына қарамастан ер адам басылымдардың біріне хабарландыру беріп үлгерген.
Айтуынша, өзіне сенімсіз жігіттер қызына күйеу бола алмайды.
Ер адамның болашақ күйеу баласына қояр талабы: Ішпейтін, шекпейтін, жұмыс істейтін белсенді адам болу керек. Ал тұрғын өзі қызын ақылына көркі сай сұлу деп отыр.