Карантиннің кесірінен көптеген шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын фирмалар жұмыстарын уақытша тоқтатты, ал қызметкерлері ақысыз еңбек демалысына, кейбіреулері мүлдем жұмыстан шығарылды. Бұндай жағдай тек Қазақстанда болып жатқан жоқ. Әзірге апаттың нақты көлемін анықтау қиын. Алайда қазірдің өзінде АҚШ-та жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға үміткерлердің саны бұрын болмаған рекордтық көлемге жетті.
Сарапшы экономикалық болжамдарға байланысты бірнеше мәселеден бастады.
Бірінші және ең басты мәселе: осы вирусқа қарсы иммунитет пайда бола ма?
Егер иммунитет қалыптаспаса, ешқандай екпе бұл патогеннен қорғап қала алмайды. Вакцина шығарылмауы да мүмкін. Бұл ауру жойылмай, жер бетінде қалып қалуы да мүмкін, сондықтан онымен ауыруға және үнемі емделуге дайын болу керек.
— Бұл жағдайда тағы бір қосымша мәселе бар. Бұл вирус маусымдық сипатқа ие ме, әлде ауа райына байланысты емес пе? — деп атап өтті Чуркин.
Мемлекеттің ары қарай атқаратын іс-әрекеті осы сұрақтардың жауабына байланысты. Бүгінгі күні мемлекеттің карантин арқылы белгілі бір уақыт ұтып алғысы келеді. Ал одан әрі не болмақ?
Сарапшы
әзірге Қазақстан мен оған шекаралас көршілері жағдайды уақытша тежеп ұстап тұр
Бұл жағдайды:
Егер бірінші пункт орындалмаса, карантинді жоюға болмайды.
Экономиканы тежеу эпидемиядан да қауіпті болуы мүмкін екенін айтты.
— Бір-екі ай бойы ешәрсе жасамай шыдап тұруға болады, бірақ елге «Б жоспары» керек.
Барлық қор мен ресурс азайып, ең алдымен халықтың ақшасы таусылады,
— дейді экономист.
Әлемде түрлі идеялар пайда болуда, алайда олардың тиімділігі күмән турады. Чукин Катц атты америкалық дәрігердің кейбір адамдарды карантиннен шығару туралы ұсынысын мысалға келтірді. Тест жасап, карантиннен 40 жасқа дейінгі дені сау, жас адамдар шығарылсын. Ал кәрілер мен созылмалы аурулары бар адамдарды басқалардан ұзақ уақытқа оқшаулау керек.
— Бір қарағанда бұл идея орынды болып көрінгенмен, зерделесек ақылған қонымсыз екенін байқаймыз. Жастардың жұмысы қаншалықты нәтижелі болады. 50 миллионға жуық адамды оқшаулау мүмкін емес , — дейді Чукин.
Ол күн өткен сайын «әлеуметтік жағдай шиеленісе түсіп, халықтың ахуалы нашарлайды» деп қауіптенеді
Эпидемияның қауіпті кезеңі әдетте 1-2 жылға созылады. Чукин қандай да бір болжам жасауда осы мерзімді ескеру керек дейді.
— Көптеген адамдар 2001 жылдың 11 қыркүйегіне дейін қазіргімен салыстырғанда жеңілірек болғанын білетін шығар. Осы терактіден кейін әлем көптеген нәрсеге басқаша қарайтын болды, әуежайдағы қауіпсіздік мәселесінде өзгерістер аса қатты байқалады. Виза алуда қиындықтардың пайда болғанын айтпағанда, «суды таста, пышақпен кіруге болмайды, аяқкиімді шешіңіз» деген шектеулер пайда болды.
Осы шектеулерге етіміз үйреніп кетті, қауіпсіздік үшін тексеріс жүргізуді әдеттегі шаралар деп қабылдаймыз
Бұл жаңа заман шындығы, — деді ол.
Түсініктірек болу үшін ол экономистерде құлдыраудан шығудың әртүрлі нұсқаларының бейресми анықтамалары бар екенін айтты. Олар V, U, W, және L әріптерімен белгіленеді және мағынасы олардың визуалды графика түріне ұқсайды.
— Біздің болашағымыз қандай болатыны белгісіз. Алайда V формуласындағыдай, барлығы тез қалыпына келеді деп айта алмаймыз, — дейді ол.
Дағдарыстың ауқымы қандай болатынын әді де білмейміз. Дегенмен
АҚШ-та бір аптаның ішінде 3,3 млн адам жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға өтініш білдірген
Бұл мемлекет үшін бұрындары болмаған антирекордтық көрсеткіш болды.
2008-2009 жылдары қаржылық дағдарыс кезінде АҚШ « GM және Chrysler секілді алпауыттардан бастап, барлығына көмектескен болатын».
— Ақша саясаты құралдарына АҚШ-тың ФРЖ де қосылды, банктерды ақшаға толтырып, мөлшерлемені нөл пайызға дейін төмендетті, нәтижесінде экономикасы біртіндеп дағдарыстан шықты, — деп ескертті Чукин.
Қазірде жағдай мүлдем басқа,
ең алдымен шағын және орта бизнесті құтқару керек
Бірақ қалай құтқарамыз деген сұрақ туындайды.
— Жабық мейрамханаға салық төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе несие қажет емес, оған келушілер қажет. Президент Лукашенконың әрекеттерін қайталаудың қажеті жоқ. Ол жеке кәсіпкерлерге қызметкерлерді жұмыстан шығаруға тыйым салды. Ол барлық қорларыңды шығарып, қайтсеңдер де адамдарды асыраңдар дейді. Бұл жақсылықтың соңы жақсы болмайды. Егер жеке кәсіпкер өз бизнесін бұрынғыдай ұстап тұруға тырысса да, бірақ уақыттан кейін ол банкротқа ұшырайды.
Ең дұрысы бизнесі уақытша жауып, соңғы тиынын үнемдеу керек,
себебі барлығы қаншалықты созылатыны әлі де белгісіз , — деп атап өтті Чукин.
Егер жалға алу құны туралы айтатын болсақ, бұл үшін тегін немесе пайызы төмен несие беру керек. Жалға алу мерзімі бұзылса, ғимараттың иесі банкпен есеп айырыса алмайды.
— Жұмыстан босап қалған азаматтарды мемлекет өз қамқорлығына алу керек (Ұлттық қорды не үшін жинады). Сондай-ақ күні ертең бәрі жақсы болады деп адамдарды босқа үміттендірудің қажеті жоқ. Бұл бұрындары болмаған дағдарыс, атқарар жұмыс көп, ол барлығына ұзақ уақытқа жетеді. 21 ғасырда біз әлеуметтік ниеттестік білдіріп,
жұмыссыз қалғандарға бір-екі жыл жағдай жасауымыз керек
Оны ненің есебінін жасайтынымыз туралы ойлану қажет. Мәлімделген шарадан халық көп нәрсені түсінген жоқ, онда көбінесе кредит пен салық төлеу мерзімінің кейінге қалтырылғаны туралы айтылады, ал кімдер ақшалай көмек алады? 10 млрд доллар (немесе 4 триллион теңге) —көп ақша, тиімді жұмсасақ жетуі мүмкін. Ертеңгі күнді ойлаған жөн, барлық ақшаны бүгін жұмсап тастауға болмайды. Дағдарыс ұзаққа созылуы мүмкін. Ал мұнай 20-25 доллардан сатылып жатыр, — деді сарапшы.