2020 жылдың маусым айында еліміз карантинде қиын кезеңді бастан өткізіп жатқанда, реттеуші өз бұйрығымен «Алматы электр станциялары» АҚ үшін шекті тарифті 18%-ға арттырды.
Үшінші сауал «АлЭС» АҚ-ның нарықтағы нақты үстемдігіне түсініктеме беру туралы болды. Бір таңғаларлығы, сауалдарға ешқандай нақты жауап берілмеді. Энергетика министрлігінің ұстанымын экономист, «Алматының таза ауасы» азаматтық бастамасының модераторы Әсет Наурызбаев талдады.
— Ведомство өз жауабында «АлЭС» АҚ-ның электр энергиясына жоғары шекті тариф белгілеуінің бірнеше себебін көрсетті. Қалай ойлайсыз, бұл себептерді өз бетімен белгіледі ме?
— Біздің жаңартылатын энергетиканы дамыту схемасының жұмысы басқа. Олар жаңартылатын энергия көзінде жұмыс істейтін станцияларда электр энергиясын жылу станциялары өндіретіннен гөрі қымбатырақ сатады. Яғни барлығының бағасы орта есеппен бірдей қымбаттайды. Бұл жалпы әлемдік тәжірибе. Ол жағымсыз болса да, қарсы айтар дауым жоқ.
Энергетика министрлігі жаңартылатын энергетикадағы тарифтердің 31,68 теңгеден 34,62 теңге/кВтсағ-қа дейін өскенін жазады. Бұл қызық. Өйткені 2019 жылдан бастап соңғы аукциондарда баға 14 теңге/кВтсағ болды.
Әрбір жаңа ойыншы нарыққа электр энергиясын арзанырақ жеткізеді. Тариф неліктен өсуде?
Жаңартылатын энергетика бойынша нақты деректер қолымызда жоқ.
Энергетика министрлігі KEGOC-тің тасымалдау, теңгерімдеу және техникалық диспетчерлендіру тарифі аздап көтерілгенін айтады. Техникалық диспетчерлендіру ненің есебінен 30%-ға қымбаттағаны тағы да түсініксіз: диспетчерлер штатын кеңейтті ме, әлде олардың жалақысын ұлғайтты ма?
Ағымдағы жөндеу шығындары қанша өсті? Жауабы жоқ. Материалдар мен жабдықтар бағасының өсуі мүмкін, бірақ материалдардың қаншалықты қымбаттағанын, қандай жөндеу жұмыстары керек екенін нақты жазу керек.
АлЭС тарифінің өсуіне электр энергиясының жоспарланған сатылым көлемінің 5 397,4 млн кВтсағ-тан 4 584 млн кВтсағ-қа дейін төмендеуі себеп болды деп ойлаймын
Бұл төмендеуге не себеп болғанын түсіндірмейді. Яғни сату көлемі қысқарса тариф тағы да көтеріле ме? Шынымды айтсам, біртүрлі идея. Бұның барлығына нарықтың болмауы себеп болып отыр.
— Қалай ойлайсыз, министрлік мұндай шешімдерді мәжілістен тыс қабылдаса, ал біз ол туралы түбіртектерден ғана біле аламыз ба? Әлде жұртшылықты алдын-ала хабардар етуі керек пе?
— Бізге осы бағалардың барлығы «АлматыЭнергоСбыт» тарифтері арқылы келеді. Ол соңғы тұтынушы үшін тарифті көтерсе, біз де білеміз. Жеке тұлғалардың тарифі өзгеріссіз қалды, бұл заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдарға қатысты.
Өте қызықты жағдай.
Энергетика министрлігі алдымен біртіндеп елордадағы тарифті көтереді, ал бізді фактінің алдына қойды
Әрине, «АлматыЭнергоСбыт» та бірден көтере алмайды. Айлалы тәсіл! Нарықтағы бір агенттің бағасын көтергендей болғанмен, іс жүзінде бұл барлығына қатысты. Мұндай нәрселерді тоқтату керек, әйтпесе олар үнемі іс жүзінде осындай баға белгіленді деп сылтаурататын болады.
— Біз ведомстводан екі бірдей Екібастұз ГРЭС-інде тарифтер неге бір жарым есе өзгереді деп сұрадық — Өте жылпос жауап алдық.
— Классикалық жауап алдық. Жай ғана «Электр энергетикасы туралы» Заңның ережелерін жазып жауап қайтарған. Бізге шекті тарифті анықтау кезінде ескерілетін шығынның тізімін жолдаған. Басқа ешнәрсе жоқ. Алайда олардың қолында ГРЭС-1 мен ГРЭС-2-нің барлық шығынының есеп-қисабы бар.
Менің түсінуімше, Екібастұз ГРЭС-2 3-ші блоктың құрылысына несие алған. Блок салынған жоқ, бірақ несиені қалай да төлеу керек
Сол себепті де америкалықтар басқарған ГРЭС-1-ге қарағанда тариф жоғары. Олар шығынды барынша төмендетсе де, сынға алушылар табылды. Алайда, бұл ГРЭС-2-дегі тарифтің жоғарылығын еш ақтап ала алмайды. Егер онда менеджмент нашар болса, бұл біреудің қателігі үшін біздің көбірек ақша төлеуіміз керек дегенді білдірмейді. Үшінші блок өте қымбат, шамамен 1 млрд доллар. Сонымен қатар, қытай тарапына біз шамамен 600 миллион төледік, бірақ соңында блок та, ақша да жоқ.
— Алматы ЖЭО-2 жаңғыртуды және оның экологияға әсерін талқылау басталған сәттен бастап жоба үлкен көлемде ақша жықыру үшін қабылданады деген пікірлер болды. Бұл экологияны қалпына келтіруге көмектеспейді деген пікірлер айтылды. Онда мұның бәрі не үшін істеліп жатыр?
— Біз қаласақ та, қаламасақ та, жоба бойынша үлкен аша игеріледі. Экологияға келетін болсақ, біз әрқашан ЖЭО-2-ні — Алматы ауасын ластайтын негізгі төрт көздің бірі деп айтамыз.
ЖЭО-2 ластауыштардың төрт түрінің ішіндегі ең ірісі. Шығарындылары жылына 33 мың тоннаны құрайды. Көлемі өте үлкен. ЖЭО-2 қайта құру қажет.
Біз оны жасау жолына қарсымыз. Бұл ең үлкен проблема. Біздің топ Президентке осыған қатысты өтініш жазды
Қазіргідей тәсілге жүгінсек, ГРЭС-2-нің жағдайы қайталанады. Біреу ақша алады, ал тұтынушылар коммуналдық шот арқылы қате схема үшін алынған несиені өтейді. Ескі станция жұмыс істеп тұрған кезде жаңа қазандықтарды технологиялық тұрғыдан кезек-кезек салу көп уақытты қажет ететін инженерлік міндет. Бағасы да қымбат, жұмысты ақтамайды.
Сондықтан «Самұрық-Энерго» қазандықтар салу процесін 2029 жылға дейін, жылына бір қазаннан созуды жоспарлап отыр. Біз таза алаңда мүлдем жаңа заманауи газ станциясын салуды ұсынамыз. Екі-үш жыл ішінде салып, 2024 жылы іске қоса аламыз. Әлем мұндай технологияларды игерді. Ал олар біздің қалтамыздан көбірек ақша алып қалуға тырысуда.
Сонымен қатар,
алдағы 10 жылда экологияның нашарлығынан қала тұрғындары өкпе аурулары мен аллергиядан зардап шегеді
Қазірдің өзінде Алматыда осы аурулардан жылына 500 млн доллар экономикалық шығын келіп отыр. Ал олар 2029 жылы қалада бәрі жақсы болатынын айтыуда. Бірақ кімге жақсы, кімге жаман болатыны түсініксіз.