Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Енеңіз риза болады…”. Әкесінің пысықай қызы желіні шулатуда (видео)

133

Нұрперзент есімді азамат өзінің қызы Даянамен түрлі ас дайындағанды жақсы көреді. Ал оның жары Эльвира сүйіктілерін видеоға түсіріп, желіге жүктейді.

Нұрперзент пен Даянаның ас дайындайтын видолары аз уақыттың ішінде Instagram желісін қолданушылардың қызығушылығын тудырған. Қазірдің өзінде оларға 16 мыңнан астам жазылыпты.

Эльвира мен Нұрперзентітң айтуынша, олар отбасымен бірге дәмді тамақтанғанды жақсы көреді. Сол себепті мейрамханаларда берілетін қымбат әрі ерекше асты үйде дайындап үйренейік деген ой келген.

 

View this post on Instagram

Котлетки для «Капризной Енешки» (Капризной-Свекрови) ✅Куриный фарш 400гр. ✅Лук-2 шт ✅Чеснок-3 зубчика ✅Яйцо-1 шт ✅Панировочные сухари-3 ст.ложки ✅Перец и соль Для начинки☝🏻 ✅Сыр Моцарелла-100гр ✅Яйца варенные-2 шт ✅Масло сливочное-50гр ✅Зелень по вашему усмотрению, мы взяли петрушку. Приготовление: Натереть на мелкой терке все ингредиенты для начинки, все тщательно перемешать и посолить. Скатать небольшие шарики и заморозить в холодильнике. Далее готовим фарш, перекручиваем все ингредиенты, добавляем специи по вкусу. Формируем котлетки. Важно☝🏻 Чтобы начинка во время жарки не вытекала, обязательно ее замораживаем. Обжариваем котлетки с двух сторон до зарумянивания, не пересушиваем☝🏻Помните куриное филе готовится быстро. Подаем с любым гарниром. Всем приятного аппетита❤️#рецепты#котлетки#ужин#еда#вкусно#готовим#готовимдома#кулинария

A post shared by ❤️Нурперзент и Даяна❤️ (@recepty_papadochka) on

“Біз түрлі рецепттерді ғаламтордан аламыз. Ал кейде дәстүрлі түрде дайындалатын тағамдарға өзіміздің әдісімізді қосып, барынша жеңілдетуге тырысамыз. Алғашында осынша көп адам жазылады деп ойламадық. Себебі бізде ер адамның тамақ істегенін көп адам қалай бермейді. Сондықтан видеода тек тамақ пісіріп қана қоймай, оны театрландырылған қойылым сияқты ұйымдастырамыз”, – дейді Нұрперзент.

 

Қысқаша қойылымдарды ел назарына ұсынуда анасының атқаратын рөлі орасан. Ол жары мен қызын видеоға түсіріп, тамақты дайындауға көмектесіп, видеоны монтаждайды.

 

 

Ал бірінші сынып оқушысы Даяна алғашқы уақытта видеоға түсуге ұялып жүргенін айтады. Дегенмен қазір камера алдында өзін еркін ұстап, тіпті әкесінің қатесін түзеп отыруды үйренген.

Нұрперзенттің танымал болып үлгерген жанұясына қазірдің өзінде жарнама туралы ұсыныс айтушылар көп екен. Алайда олар өздерін қызықтырмайтын жарнаманы шығаруға келіспейтіндерін айтады. Ең басты мақсат – отбасының бірлігін одан сайын арттыра түскен хоббимен айналысамыз дейді олар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз