Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Енді тісіңізді жұлдырмайсыз. Қазақстанда жаңа дәрі шықты

254

Жаңалығымыздың инновациялық тұсы – бұл бір реттік процедура. Тіске пломба салу және тісті тесу қажеттілігі болмайды. Ол 15 минутқа ғана созылады», – деп атап өтті аталмыш өнімді ойлап тапқан Бауыржан Айтуов.

Оның айтуынша, аталмыш технология халық үшін өте қолжетімді және қарапайым пломбалау әдісінен қымбат болмайды.

«Өнімді біз өзіміздің формуламен Швейцарияда жасаймыз. Біз оны Астанада тыстап, ары қарай клиникаларға өткіземіз. Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттіктен біз инновациялық стартапты қолдау грантын ұтып алдық. Ол қаражат біздің өнімді қаптамаға орау техникасын сатып алуға жұмсалды. Бұл өнім қазіргі уақытта қолжетімді, яғни сіздер клиникаға барып, тиісті ем-дом ала аласыздар.

Алматыда – 35, Астанада – 11 клиникада бар. Сонымен қатар Ресейдің – 15, Украинаның 15 клиникасында қолданылуда. Осы айда біз Шымкентке, Өскеменге оқыту өткізу үшін барамыз. Жыл соңына дейін осы екі қалада шамамен 20 клиникада InnoDent технологиясымен емдеу пайда болады деп болжап отырмыз», – дейді өнертапқыш.

Айта кетейік, республиканың ең үздік жобалары 25 қараша күні Инновациялық конгресс барысында ұсынылмақ. Ал ең үздіктері келер жылы болатын халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінде көрсетілетін болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз