Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Енді, Путин де кедергі бола алмайды”. Өгей әліпбиден оңай құтылудың жолын білесіз бе?

Біздің мемлекеттегі классикалық үлкен басылымдар да осындай қателіктерді жібереді, тіпті, әр журналистің өзіндік жазу принциптері бар.

Ғылым бекіткен ережелер бөлек, ал әр ақынның, әр журналистің, әр жазушының жазу тілі мүлдем бөлек. Бұл дұрыс емес, белгілі бір жүйе қалыптасу керек, бірдей орфографиялық норма болуы тиіс және ол сақталуы шарт. Бұл – өте үлкен мәселе” дейді ол.

Айтуынша, шетелде бір газеттен қате табылса, оны бүкіл ел болып талқылайды екен, сол қатені үлкен мін етіп көрсетеді. 

Ал, бізде сауатсыз жазу, ережелерді сақтамау әдетке айналған.

Неге?

“Себебі, біздің әліпбиіміз «мал қора» секілді. Мені қатты айтты дерсіздер, дегенмен мұны да мойындау керек. Тіліміздегі төл дыбыстардың саны 26-28, ал әріптеріміздің саны 42, екі есе көп. Кириллицаны 30 жылдардың аяғы мен 40 жылдардың басында қабылдаған кезінде еліміз өте қиын жағдайда болған. Орфографияға да, орфоэпияға да сауатты бүкіл адамдарды құртып, жоғары жақтан кириллицаны бұйрықпен күштеп енгізген болатын.

Қазақ тіліне еш қатысы жоқ, біздің табиғатымызға жат әріптерді кіргізе салды. Сол бір орыс әліпбиінің негізінде қазақ тілі әліпбиінің 20-30 шақты нұсқасын жасап берді.

Мысалы, біз башқұртпен, ноғайлармен сөйлескенде тілімізде ешқандай да айырмашылық жоқ, бір-бірімізді оңай түсінісе аламыз, бірақ бір-біріміздің кітаптарымызды оқи алмаймыз.

Себебі, біздің әліпби орыс әліпбиі негізінде жасалған. Қазақ тілінде бір ғана дыбысты беретін әріптер кириллицада екі-үш таңбамен таңбаланады, – дейді бұл ретте Ерден Қажыбек.

Латын әліпбиі? Бұған түріктердің түк қатысы жоқ 

Бұл жайтты да Ерден Қажыбектің сұхбатынан білдік. Тілге тиек етер тұс – 

латын әліпбиіне көшуді ең алғаш әзірбайжан мен қазақ халқының зиялылары бастаған екен.

–  Бұл – Түркияның инициативасы емес. Бүкіл түркі халықтар жиналып, Бакуде үлкен конференция өткізіп, латын әліпбиіне көшуді дауысқа салып, сол жерде шешім қабылдаған. Содан кейін Түркия халқы бауырларымыздан айырылмайық деп, олар да латынға көшкен.

Ал, бізді 10 жылдан кейін кириллицаға аударып жіберді.

Қазір халық кириллицаға еті үйреніп кеткенмен, бұл әліпби мүлде қолайлы емес.

Қазақ халқы, әсіресе, жастары қазақ тілінде бір мәтінді оқыса, акцентпен оқиды. Сонымен қатар, артық таңбалар өте көп, – дейді ғалым.

Мысалы

“Мысалы дейсіз бе? Айталық,  қазақ мәтінінде орыс тіліндегі сөз кездессе, оны орысшада қалай жазу керек, дәл солай жазамыз, оқылу нормасына сай оқимыз. Ал, қазақтың сөздері олай айтуға келмейді.

Осыдан барып, айтылу артикулияциясы, қазақ әріптерінің дыбысталуы бұзылады.

Сондықтан да бұл – латын әліпбиіне көшу емес, оған қайтадан оралу”.

“Бірақ ендігі кезектегі нұсқасы қандай болмақ? 20 ғасырдың басындағы латын әліпбиі негізінде ме әлде жаңаша нұсқада жасалады ма?” деген тілшінің сауалына ғалым былай депті: 

“Рас ол кезден бері біршама уақыт өтті. Сол заманда латын әліпбиін жасағанда, бүкіл түркі халықтары бір-бірімен өзара келісімге келіп, ортақ түрік әліпбиін жасау мәселесін қозғаған және соның негізінде жасалған.

Ал қазіргі таңда не себепті латын әліпбиіне көшу мәселесі көтеріліп отыр?

Себебі, қазақ тілі – түркі тілдерінің ішіндегі ең негізгісі, ең бай тіл. Өзіміздің бауырлас елдермен түсінісе алатын және бір-біріміздің жазғанымызды оқи алатындай болуымыз керек”.

Ғалым бұл орайда көптің көңіліндегі күдікті сейілткен екен.

–  Латын әліпбиін жасау – ғылыми проблема емес, өте оңай құбылыс. Тіл білімі институтына тапсырма берілді, бірнеше үлкен монографиялық еңбектерді зерттеп, жаңа әліпбиді жасау қиын жұмыстар емес, – дейді ол.

Үлкен көрші 

Ғалым латыншаға көшу оңай дейді. Ендеше, осы уақытқа дейін неге қол қусырып отырғанбыз? Оның себебі неде? 

“Себебі дейсіз бе?

Себебі, қасымызда үлкен көршіміз отыр.

Еліміздегі жағдайларды аздап ретке келтіріп, асығыстық жасамай, экономикамызды біраз көтеріп барып колға алу керектігін түсіндік. Жан-жақты елімізді нығайтып, халықаралық дәрежеде орнымызды қадап белгілеп алу қажет болды. Мұндай үлкен келелі мәселеде асығыстық жасауға болмайды”, – дейді Қажыбек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз